Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Тіл- татулық тірегі

25.11.2018

Үстіміздегі айдың ортасында Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультеті мен Конфуций институтының бірігіп ұйымдастыруымен «Тіл- татулық тірегі» атты шара өткізілді. Шараның мақсаты - Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультеті мен Құрлық әскерлері әскери институтының қытай тілін оқып жатқан студенттері арасындағы достастықты нығайту, қыры мен сыры мол қытай тілін үйренуде студенттер ынтасын арттыру, Қытай мәдениетімен таныстыру болды. Аталған іс-шараға Шығыстану факультетінің деканы Ықтияр П.М., қытайтану кафедрасының меңгерушісі Оразақынқызы Ф. және Құрлық әскерлері әскери институты бастығының тәрбие және идеология жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Хасенов Ж., Шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, майор Бисенбаева қатысты.

     Шара барысында екі оқу орнының сегіз қырлы бір сырлы, жалынды да ынталы студенттері бен курсанттары дайындаған шағын концертік бағдарламасы тамашаланды. Құрлық әскерлері әскери институтының курсаттарына Шығыстану музейіне экскурсия өткізілді. Іс-шара соңында белсене қатысқан студенттер мен курсанттарға мақтау қағаздары беріліп, марапатта рәсімі өткізілді.