Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

МӘДЕНИЕТ ДИПЛОМАТИЯСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ ДЕЛЕГАЦИЯ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

07.12.2018

2018 жыл қараша айының 30-шы жұлдызында Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында Мәдениет дипломатиясы Халықаралық институтынан келген делегация мүшелерімен кездесу өтті (Біріккен Араб Әмірлігі). Кездесуге делегация төрағасы, Мәдениет дипломатиясы Халықаралық институтының директоры Мухаммед Камиль Әли Муейни, жазушы Насер әл-Захери, аймақтық менеджер Уәлид әл-Абед, «Рохмикс» Халықаралық компания иесі Музахем әл-Әли, Әли Ахмад Убәйд Накби, Убәйд әл-Тенеди, Шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылар құрамы мен 1,2 курс студенттері қатысты.

Кездесу барысында қонақтарға факультет таныстырылып, 1,2 курс студенттері бағдарламалық концерт қойды. Екі елдің әнұраны шырқалып, кафедра оқытушылары Надирова Г.Е., Сейтметова Ж.Р., Қалиева Ш.С., Мустафаева А., Давыдова И., Ашинова Б., Нуркалыкова Ж. аударған «Сила объединения его Высочество Шейх Заид бен Султан аль Нахаян: лидер и государство» кітабының таныстырылымы болды. Іс-шара соңында оқытушылар мен студенттер қонақтармен естелік суретке түсті.