Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Ақтау қаласында жапон тілі оқытушылары

08.11.2018

Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасының жапон тілі оқытушысы Боранкулова Самал мен Цукуба Университетінен шақырылған профессор Ниномия Такаши Жапонияның халықаралық байланыстарды дамыту қорының «Sakura Network» жобасының аясында Ақтау қаласының   мектептерінде кәсіби-бағыт бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

            Ақтау қаласының №10,11,13- ші мектептері мен Назарбаев Зияткерлік мектебінде Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетіндегі оқу үдірісімен таныстырды. Сонымен қатар, Жапония және жапон тілі, мәдениеті жайлы жалпы мағлұмат беріліп, Жапониядағы жоғары оқу орнына түсу жолдары, ҚазҰУ-дағы академиялық ұтқырлық бағдарласы жайлы айтылды.Университет пен түлектер туралы видеоматериалдар көрсетіліп,буклеттер таратылынды. Оқушылардың уақытында және саналы түрде мамандық таңдауына кәсіби-бағыт бағдар беру жұмысының маңызы зор.