ҚХР Алматы қаласындағы Бас консулдығы, Конфуций институты және қытайлық студенттер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Жібек жолы – жастық арман» тақырыбында «Бір белдеу – бір жол» инициативасының іске асуына 5 жыл толуына орай үздік эссе байқауы өтті.
Эссе мазмұны Қазақстан мен Қытай халықтарының достығы, екі ел арасындағы «Жаңа Жібек жолы экономикалық белдеуін» құру тарихы, осы мемлекеттердің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығы тақырыбына араналды. Конкурстық шығарманы жазуда жастардың «Бір белдеу – бір жол» инициативасын қолдау ынтасы, Қытайда білім алуға деген қызығушылығына, көршілес мемлекеттер арасындағы достықтың сақталу мәселесіне назар аударылды.
Эссе жұмыстары қазақ, орыс және қытай тілдерінде қабылданды. Оны жазуда стильдік, көлемдік тұрғыда шектеу болған жоқ.
Әр тіл бойынша эссе жеңімпаздарына ақшалай және сыйлықтар табыс етілді. Бас жүлде – 300 мың теңге көлемінде сыйлық және Қытай үкіметінің оқуға стипендиялық бағдарламасы, бірінші орын - 200 мың теңге көлеміндегі сыйлық, екі адам екінші орынға – 125 мың теңге көлемінде сыйлық, үшінші орын үш адамға – 75 мың теңгенің сыйлығы, сондай-ақ үздік шығармалар номинациялар бойынша 30 адамға 25 теңгенің сыйлықтары табыс етілді.
Қытайтану кафедрасынан байқаудың жеңімпаздары:
1 орын - 2 курс студенті Ниязова Асылжан
2 орын - 2 курс магистранты Сартова Айнұр
Үздік шығармалар номинацияда 4 курс студенті Ахметова Анель мен 2 курс докторанты Бейсенбаев Олжас жеңіске жетті.