Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

КОРЕЙ ТАҒАМДАРЫН ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУ КЕРЕК? ШЕТЕЛ ОҚЫТУШЫЛАРЫНАН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ АТТЫ МАСТЕР КЛАСС ӨТКІЗДІ

19.03.2019

Қиыр Шығыс кафедрасы студенттерінің құрамында негізінен қыздар саны көбірек. Сондықтан, Оңтүстік Кореядан келген оқытушылардың арасындағы жас мамандардың жыл сайын корей тағамдарын дайындаудан мастер-класс өткізуі кездейсоқтық емес. Корейтану бөлімі өткізген шеберлік сағатында шетелдік оқытушылардың шебер қолдары мен жаңа нәрсені үйренуге әзір тұратын студенттер дайындаған корей тағамдары дастарханда лезде пайда болды.

Корейтану бөлімінің аға оқытушысы Ким Ян Ми Қазақстанға ерікті болып жұмыс істеуге және корей тілін оқытуға келген. Бастапқыда кафедрада Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының елшілігі жанындағы Корей ағарту орталығы жұмыс берушілерінің өкілі ретінде жұмыс істей жүріп, студенттерге корей тілін үйренудің жаңа түрлерін ұсынды. Алматыда тұру тәжірибесі мен университетте жұмыс істеу ұнағандықтан, ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қалуды шешті.

Кенгхи университетінің түлегі (Корея Республикасы) төрт жылдан бері "табысқа табандылықпен жетуге талпынатын" әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттеріне немқұрайлы қарамайды. Келесі 2019-2020 оқу жылында Ким Ян Ми Қиыр Шығыс кафедрасында жұмыс істеп, корей тілін штаттық оқытушы ретінде оқытуға ниетті.

ҚазҰУ-ға қош келдіңіз!