Қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен Қытайдың жаңа жылы «Чуньцзе» мерекесі атап өтілді. Қытайда «көктем мерекесі» екі апта уақыт бойы тойланатындықтан, кафедрамызда да бұл мереке бір апта көлемінде жалғасты. Мереке шеңберінде кафедра оқытушылары студенттерге дәстүрлі қытайдың қолөнері болып саналатын қағаз қиюдан және каллиграфия өнерінен мастер-кластар өткізді. Апта бойы қытайлық жаңа жыл туралы деректі және көркем фильмдер көрсетіліп, қытай тілін меңгеріп жүрген студенттерді қытай мәдениетімен де етене таныстырды. Мерекелік шаралар тізбегі «Қытай жаңа жылы» концерттік кешімен аяқталды. Кештің қонақтары ретінде Алматы қаласының құрлық әскерлер университетінің сарбаз студенттері мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектебінің оқушылары қатысты. 1-4 курс студенттері дайындаған концерттік номерлерді тамашалап, мерекелік шара «Қытай тағамдарының фестивалімен» жалғасын тапты. Іс-шара аяғында келген қонақтарды «Шығыс мұражайына» экскурсия жүргізілді.
