Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Шығыстану факультеті
- Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Жапон мемлекетінде тағылымдамадан өткен шығыстану факультетінің студенті
07.02.2019
2018 жылдың тамыз айынан бастап желтоқсан айына дейін мен Бунке Гакуин Университетінде оқып келдім. Осы жылы Қазақ Ұлттық Университетінен мен бірінші болып сол университетке бардым.
Оқу мен жатахана ақысын Бунке Гакуин университі төлеп, 36 000 йен стипендия берілген. Жатаханасы – ерлер мен әйел жатаханалары. Мен Нисиката әйел жатаханасында бір адамдық бөлмеде тұрдым. Жатахананың ішінде асүй, шомылу бөлмесі мен киім жуатын бөлмелері бар.
Корпус пен жатахана бір-бірінен екі минуттық ара-қашықтықта орналасқан.
Оқу корпуста барлық қажетті заттармен жабдықталған – компьютерлік кабинеттер, кітапхана, оқу бөлмелері.
Программа бойынша келесі пәндер оқылған: Жапон тілі, Жапон Әдебиеті мен Театр Өнері, Жапониядағы Қоғам Дамуы, Қызық Жапония, Жапон Биснесі, Жапониядағы Дін, Жапония мен Халықаралық Қоғам, Жапон Қоғамы. Жапон тілінен басқа барлық сабақ ағылшын тілінде өтіп, оқытушылардың көбі жапондықтар болды.
Оқытылатын жапон тілінің деңгейі – шамамен N5-ке тең. Бұл мен үшін жетпегендіктен, кредит пен баға алмай деңгейі жоғарырақ сабақтарға да қатысуға мүмкіндік болды.
Оқу барысында лекция, топтық жұмыс, дискуссия сияқты оқыту тәсілдері қолданылған.
Жапониядағы Дін сабағы аясында Незу Ғибадатханасы, Канда Мьедзин мен Кититедзи ғибадатханаларына барғанбыз. Сол жерлерде ғибадат бастықтарынан лекция тыңдаған болатынбыз. Незу Фестивалінің шегінде біз көптеген салт жораларға қатысуға мүмкіндікке ие болдық. Мысалы, омикоси деп аталатын тасымалды ғибадатханасын тасыдық. Хакама салт киімі де берілді. Канда Мьедзин ғибадатханасында салт-жора кезінде ойналатын гагаку дәстүрлі әуенін тыңдап, өзіміз де аспаптарды тартып көрдік. Кититедзи буддистік ғибадатханасында медитация жасап көрдік.
Қызық Жапония сабағы аясында Мито қаласында орналасқан Гибли Мұражайына барып қайттық.
Жапониядағы Қоғам Дамуы сабағының шегінде шетелден келген балалар үшін арналған центрінде интерактивті ойындар өткізіп, түрлі шаралар өткіздік.
Одан басқа, Токиодағы Табиғи Апат Симуляция Центрінде төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік техникасы түсіндірілді. Кейін университетте сол тақырыпта лекция оқылынды.
Оқудан басқа, Токио Дисней си, Кабуки театры, Но театры сияқты жерлерге бару үшін жеңілдік берілді.
GCI группасы – шетелдік студенттердің істерімен айналысатын топ. Әр сұраққа зейінмен қарап, мүмкіндігі жеткенше көмектесуге тырысты.
Жалпы, бұл программаға менің көңілім толды. Оқу, өмір сүру жағдайлары, сауық – барлығы да жоғары деңгейде жүргізілді. Бұл универсетте тек қана жапон тілі мен ағылшын тілінің деңгейін көтермей, бүкіл әлемнен жиналған адамдармен мәдени аралысып, жаңа достарды таптым. Жапондықтар мен Жапонияның өзі қандай екендігін өзімнің көзімен көріп, тәжірибе алдым. Алдымнан талай қиындық шыққанымен, бұл программаның қатысушысы болғаныма өте қуаныштымын.
Муқанова Алима
2 курс студенті, Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасы, жапонтану бөлімі