Жапон тіліндегі білімі мен құзыреттілігін арттыру, жапон тілінің ерекшелігі мен Жапон мәдениетімен теріңірек танысу мақсатында Қиыр Шығыс кафедрасында дәстүрлі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі Жапонтану апталығы өтті. Апта Жапонияның Цукуба, Кучи, Токио шет тілдер университетінің студенттері мен профессорларымен бірге өткізілген іс-шаралармен толы болды. Жапонтану апталығы аясында жапон мамандары дәріс оқыды: Мицубиши корпорациясының басшысы Ясуда Торо «Жапония экономикасы» тақырыбында дәріс оқыды, «Жапониядағы медицина және денсаулық» тақырыбында Коучи университетінің магистранты Йошида Шего дәріс оқыды. ҚазҰУ-дың оқытушылары жапон студенттеріне арнайы дәрістер оқыды. Аптаның ең жарқын және есте қаларлық оқиғаларының бірі жапон студенттерінің және жапонтану кафедрасының 1-4 курс студенттерінің қатысуымен отбасылық демалыс бағдарламалары болды. Сондай-ақ, Жапонтану апталығының аясында жапон тілінде өтетін жыл сайынғы шешендік өнер сайысы өткізілді. ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра объектісі болып табылатын Танбалы қоық мұражайына бірлескен сапары мәдени алмасулардың бұдан да арта түсуіне ықпал етті. Дәстүрлі жапон апталығы шетелдік сарапшылармен тәжірибе алмасу және пікір алмасу үшін жақсы алаңға айналды.