2019 жылы 28 қыркүйекте, сағат 15:00-де «Қытай Халық Республикасының құрылғанының 70 жылдығын және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы Конфуций институтының құрылғанының 10 жылдығын атап өту мәдени іс-шарасы» атты мерекелік кешті Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасының құрамы мен студенттері белсенділігін танытты.

Аталған тұсаукесерде ҚХР-ның Бас консулы Гэн Липин, ҚазҰУ- нің Бірінші проректорі Бүркітбаев Мұхамбетқали мен қоғамдық қатынас Департаментінің директоры Дүйсебаев Даурен, Шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы, Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Оразақынқызы Фарида, Конфуций институтының директоры Асылбеков Рақымжантағы басқа алыс-жақыннан құрметті қонақтар келді.

Іс-шараның өзекті мәселесі ол ҚазҰУ-ның Ректорат пен Департамент өкілдігінің атынан ҚХР-ның Бас консулдығы мен Конфуций институтына берілген мадақтама медалі мен қорған ескерткіші марапаттауында болды.

Оған қоса, көрермендер Конфуций институты мен Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасының атынан сан-түрлі концертттік нөмірлерді тамашалады.

