2020 жылдың 7 қазанында ZOOM онлайн-платформасында эдвайзер Тоқтарова Ж.Б. мен Ким Е.В. жетекшілігімен «Корей халқының дәстүрлі Чусок мерекесі» атты іс-шара өткізілді. Осы іс-шараға Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің 1 курс студенттері қатысты.
Чусок мерекесі ай күнтізбесі бойынша тамыздың 15-інде тойланатын керемет отбасылық мереке. Биылғы жылы осы мереке 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтілген. Әдетте, Чусок кезінде көптеген корейлер туған жерлеріне барып, мерекені отбасыларымен және туыстарымен бірге тойлайтын. Бірақ осы жылы пандемияға байланысты мереке мүлдем сезілмейді.
Әр жыл сайын, Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімі Чусокты атау мақсатында, көңілді іс-шара өткізетін. Қазіргі жағдайға қарамастан, осы жылы іс-шара онлайн режимінде болдыі. Студенттер пайдалы ақпараттарды алып, қызықты уақыт өткізді. Іс-шара барысында бірінші курстың эдвайзерлері Тоқтарова Ж.Б. және Ким Е.В. Чусок және жалпы Корея, жайлы айтып өтіп, сонымен қатар, Қазақстанда негізгі корей мерекесін өткізуінің ерекшеліктері туралы толығымен ақпарат берді. Іс-шара соңы, сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды.