Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

ҚазҰУ факультеттері арасындағы бірлескен ғылыми жобаларды талқылау

03.11.2022

      Шығыстану факультетінде Шығыстану факультетінің өкілдері мен география және табиғатты пайдалану факультетінің өкілдері тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау бойынша болашақта бірлескен ғылыми жобалардың мүмкіндіктерін талқылады.

Қазіргі таңда экологиялық мәселелер өзекті тақырыптардың біріне айналуда. Атап айтқанда, БҰҰ ұсынған «тұрақты даму мақсаттары» ерекше назар аударуды қажет етеді. ЭЫДҰ елдерінің ішінде Күншығыс елі жоғарыда аталған тақырып бойынша озық технологиясымен және заманауи зерттеулерімен ерекшеленеді. Осы орайда, анықталған мәселелерді шешуге екі факультет мамандарының әлеуеті мен мүмкіндіктері орасан зор.

Кездесу соңында екі тараптар бірлескен ғылыми жобалар мен байланыстарды нығайту және дамыту мақсатында дөңгелек үстел аясында қайта кездесуге келісті.