Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Шетел тілдерін оқыту барысында заманауи әдістерді қолдану ерекшеліктері

11.10.2023

2023 ж. 10 қазанында шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасында профессор қызметін атқарушы Дәулет Фатимабибі Ноғайқызының ұйымдастыруымен «Шетел тілдерін оқыту барысында заманауи әдістерді қолдану ерекшеліктері» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізілді.  

     Семинар барысында Фатимабабибі Ноғайқызы кафедра ұстаздарымен өзінің түрлі елдерде қытай, орыс, қазақ, ағылшын тілдерінен дәріс беру барысында жинақтаған оқу-әдістемелік тәжірибелерімен алмасты. Профессордың айтуынша шетел тілдерін үйрету барысында қазір қолданылып жүрген заманауи әдістердің ішінде коммуникативтік құзыреттілік әдісі (грамматикалық құзіреттілік, оқырмандық құзіреттілік, стратегиялық құзіреттілік, мәдени-танымдық құзіреттілік), Уэтс әдісі ( қосымша түрлі тақырыптағы текстерді қолдану арқылы студенттің шетел тілінде сөйлеу құзіреттілігін арттыру), кейс әдісі (аудиторияда бар мүмкіндіктерді пайдаланып нақты проблемалық жағдаяттарды шешу және талқылау жолы арқылы қарама-қарсы шешімдерді қабылдау мүмкіндіктерін құру), brainstorm (шетел тілінің ауызекі тіл нормаларын қолдана отырып пікірталасқа түсу арқылы өз ойларын дәлелді және қисынды түрде жеткізе білу секілді кәсіби дағдыларды дамытады), проект әдісі (түрлі тақырыптарда PPT жасау арқылы студенттің өздігінен жұмыс жасау, іздену қабілетін арттырады), заманауи компьютерлік және ақпарат технологияларын қолдану (көркем-фильмдер, сериалдар, интернет сайттар, түрлі қосымшалар (тик-ток, шортс), подкасттар, түрлі интернет платфомаларындағы блогтар, видеоблогтарды, интернет мессенджерлер секілді әдістер шетел тілінің теориясын игеруді жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге, бұл әдістер студенттердің шет тілдерін одан әрі оқуға деген ынтасын арттыруға қосар үлесі зор. Профессор сонымен бірге шетел тілінен сабақ беретін әрбір мұғалімнің жеке авторлық әдістерді ойлап табу, жеке кәсіптік құзыреттілікті ылғи дамытып отыру, қосымша білім алу, шетел тілін оқыту бағытындағы ең соңғы трендтерден хабардар біліп отыруының маңыздылығын ерекше атап өтті. Семинарға қатысушы әріптестер дәріс бері барысындағы өзекті мәселелерді ортаға салып, пікір алмасты.