Жаңалықтар
Жаңалықтар

2019 жылдың 1 наурыз күні жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобаның аясында «1 наурыз - Алғыс айту күні» атты тәрбиелік шара өткізді. Шара орыс тілінде өткізілді.

2019 жылдың 1 наурыз күні Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен «Матрёшка – орыс кәдесыйі» атты ашық кураторлық сағаты өтті. Шара барысында оқытушылар матрёшкаларды бояп үйретті.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы 2018» республикалық байқауында ЖОО дейінгі білім беру факультетінің декан орынбасары, PhD доктор Тілеуберді Ербол жеңімпаз атанды. Әріптесімізді жетістіктерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!

22 ақпанда ҚазҰУ қабырғасында Қазақстанның барлық оқушыларын біріктіретін, 6-шы Жас әл-Фараби ғылыми зерттеу жұмыстарының конференциясы өтті.

2019 жылдың 11-15 ақпан күндері аралығында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедраның «Халықаралық достық клубы» ұйымдастыруымен «АҚШ күндері» атты Апталығын өткізді. Апталықтың бағдарламасында «Америка туралы біз не білеміз» атты ашық кураторлық сағаты, америка көркем фильмді тамашалауы, «Америка музыкалық өнері» тақырыбында дөнгелек үстел, фотосүрет көрмесі сияқты шаралары өткізілді. Факультетте оқитын американдық студенттері апталықтың дайындау және өткізу барысына белсене қатысты.

ЖОО дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының «Парасат» үйірмесінің мүшелері мен жетекшісі Н.Мәтбек Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Әл-Фараби кітапханасындағы Алаш арыстарына арналған залмен танысты. Қазақтың ардақты ұлдарының елінің азаттығы үшін сіңірген еңбегі, өмірбаяндары мен шығармашылығы туралы мәлімет алды. Шетелдік тыңдаушыларға да Алаш зиялыларының тарихи ерен еңбегі өшпес үлгі-өнеге.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы ауғанстандық тыңдаушылардың куратор-эдвайзерлері: Г.Тастемирова, Н.Мәтбек, Г. Тилеужанова, Г.Сапаева кәсіби бағдар беру мақсатында университет факультеттерімен байланысып, тыңдаушыларды таныстырып қайтты. Факультеттердегі кафедралар оқытушылары тыңдаушылармен таңдаған мамандығы бойынша әңгімелесу өткізді. Тыңдаушылардың білімін, қазақ және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін тексерді. Қазақстандағы жетекші оқу орны ‒ Қазақ ұлттық университетінде білім алу әрбір талапкердің арманы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының «Парасат» үйірмесінің мүшелері мен жетекшісі Н.Мәтбек журналистика факультетінде өткен «Ауған реттелуінің мәселелері: Кеңес әскерлерінің АДР-дан шығарылғанына ‒ 30 жыл» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

2019 жылдың 5 ақпан күні жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл» атты тәрбиелік іс-шара өтті.

30.01.2019 күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 85 жылдығына орай "Қала экологиясы: әр адамның немесе ұйымдардың міндеті ме?" атты дөңгелек үстел өтті.