Гуманитарлық
Жаңалықтар

Жаңалықтар


16.04.2020 Болашаққа бағдар!

Мемлекетіміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы : Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Жолдауында елді рухани жаңғырту мәселелері қозғалады.Қазіргі кезде капиталистік мемлекеттер ерекше қарқында даму үстінде,бұл бір жағынан жақсы болса да,екінші жағынан ішкі құндылық-рухани дамуды ұмытып жатыр. Сондықтан көреген елбасы осы олқылықтарды толтыру мақсатында рухани байлығымызды байыта отырып жаңғырту қажет екендігін атап көрсетті.Елбасы айтқандай,ұлттық салт-дәстүріміз,әдет-ғұрыптарымыз,тіліміз бен музыкамыз,әдебиеттеріміз ешқашан ұмытылмау керек.Ұлттық құндылықтардың бәрі жас ұрпаққа отбасынан, мектептен,бала-бақшадан берілері анық.Сондықтан ата-ана ,ұстаздар ұлттық тәрбиені бірінші кезекке қойғаны дұрыс. Осы Елбасымыздың Жолдауын орындау мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде көптеген жұмыстар жүргізілді.


14.04.2020 Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің оқытушылары «Рухани жаңғыру» бағдарласын орындауда үлкен жұмыс атқарды

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы 2017 жылы қазіргі Қазақстандық қоғамға ұсынылды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев " Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" атты мақаласы қазіргі заманғы жастарды Қазақстанның ұлттық құндылықтарын сақтауға, рухани бірегейлікті сезінуге және осы құндылықтарды заманауи әлемге біріктіру үшін дамытуға бағыттады.

Соңғы үш жылда жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің оқытушылары осы бағдарламаны орындау бойынша үлкен жұмыс атқарды. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында әлемнің түрлі елдерінен келген шетелдік студенттер білім алуда. Олар қазақ және орыс тілдерін үйренеді. Студенттер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды кездейсоқ таңдамайды. Олар мұнда заманауи қоғамды жаңғыртудың негізі болып табылатын сапалы жоғары білім ала алатынын біледі. Факультетте елтану сабақтары үлкен қызығушылықпен өткізіледі, онда студенттер Қазақстан тарихымен, көрнекті жерлерімен, Қазақстанда тұратын қазақтардың және басқа да халықтардың рухани құндылықтарымен, дәстүрлерімен танысады.

Дәстүрлі Наурыз мерекесі үлкен қызығушылықпен өтіп тұрады, студенттер қазақ әндерін тыңдап, қазақтың мерекелік дастарқан басында ұлттық тағамдардан дәм татып, дәстүрлі жарыстарға қатысады. Көптеген шетелдік студенттер домбыра тартуды үйреніп, концерттерге қуана қатысады. Шетелдік студенттердің қазақ тіліне деген қызығушылықтары да артып келеді. Кафедра оқытушылары қазіргі заманғы қарқынды әдістемесін қолдана отырып, қазақ тілін оқытады. Кафедрада өте жақсы нәтижелер бар. 1 жыл ішінде студенттер орыс тілімен бір уақытта қазақ тілін де меңгере отырып жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

Кафедра оқытушылары қазақ тілі оқулығын, қазақ және орыс тілдері бойынша әдістемелік материалдар мен құралдарды дайындап отырады. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу шетелдік студенттер үшін оны қабылдауды жеңілдетеді. Демек, бұл кәсібилікті талап ететін өте мұқият және тынымсыз жұмыс.


08.04.2020 Халықаралық ғылыми конференция

2020 жылдың 7-8 сәуір күндері жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде VІІ Халықаралық Фараби оқуларының аясында "Фараби әлемі" атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өткізілді. Конференцияның барлық барысы қашықтықтан жүргізілді.


18.03.2020 Елдегі төтенше жағдайға байланысты 16 наурыздан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті қашықтықтан оқыту режиміне көшті

Елдегі төтенше жағдайға байланысты 16 наурыздан бастап, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті қашықтықтан оқыту режиміне көшті.

Шетелдік тыңдаушыларға және студенттерге «Zoom» платформасында мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде онлайн-дәрістер өткізілуде. Сонымен қатар, сабақтарды өткізу үшін UNIVER ақпараттық-бағдарламалық кешені қолданылып жатыр.

Факультет басқаруымен, төтенше жағдай кезінде, оқу үрдісін ойдағыдай іске асыру мақсатында кафедра оқытушыларымен әлеуметтік желі арқылы тілдесіп, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Тыңдаушыларымыздың қалауы бойынша Zoom бағдарламасымен қатар WһatsApp, Skype және WeChat Zoom жүйесіндегі бағдарламаларды интернет желісінде қолданып, чат тобын құрып, сабақ жүйелі түрде өткізілуде. Тыңдаушыларымыз өз бойына терең жауапкершілікті алып, тапсырмаларды тыңғылықты орындауға тырысады. Онлайн сабақтың қиыншылығы Zoom арқылы конференция сабақтар жүргізгенде интернет желісінің дұрыс ұстамауы, тыңдаушылардың қайта-қайта желіден үзіліп кетуі кедергі келтіреді.

Соған қарамастан, сабақ беруде заманауи технологиялар мүмкіндігінің арқасында білімдерін жетілуде.

Ұстаздар бекітілген оқу кестесіне сай сабақтарын уақытында өткізіп, кураторлар өз топтарымен интернет желісі арқылы хабарласып отыр.

Халықтың басына түскен қиындықты бірлесе көтеріп, жеңіске жетерімізге сенімдіміз. Біз біргеміз!


03.03.2020 Ұлы Абайдың мерейтойына арналған флешмоб

2020 жылдың 3 наурыз күні жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің оқытушылары мен қазақ тілін оқитын шетелдік студенттер Абай атындағы ҚазҰПУ-дан келген шетел студенттерімен бірлесіп Ұлы Абайдың 175 жылдық мерей тойына арналған флешмоб өткізді.


14.02.2020 Мектеп оқушыларының "Жас әл-Фараби" атты ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конференциясы

2020 жылдың 14 ақпанында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің бейіндік мектебінде әл-Фарабидың 1150 жылдығына арналған «Жас әл-Фараби» атты жыл сайынғы мектеп оқушыларының VII ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға тұтас республикадан  қатысушылар келіп қатысты.


28.01.2020 Оқытудың күтілетін нәтижелері негізінде пәнге арналған оқу-әдістемелік кешенін құру» атты мастер- класс

   2020 жылдың 28 қаңтарында ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің акт залында «Оқытудың күтілетін нәтижелері негізінде пәнге арналған оқу-әдістемелік кешенін құру» атты мастер- класс өтті. Мастер- классты өткізген: Ж.Т.Кожамкулов., Р.А.Мангазбаева., С.Т., Назарбекова., Г.Т. Жакупова.


23.01.2020 Коронавирустық инфекция: аурудың белгілері, анықталған жағдайда алдын алу шаралары және ережелері

2020 жылдың 23 қаңтар күні "Smart health" медицина орталығы қызметкерлерінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетел студенттерімен "Коронавирустық инфекция: аурудың белгілері, анықталған жағдайда алдын алу шаралары және ережелері" тақырыбында кездесуі ұйымдастырылды. Медицина қызметкерлері алдын алу шараларына, сондай-ақ ауру белгілері анықталған жағдайда өзін-өзі ұстау ережелеріне тоқталды.


11.01.2020 48-шi дәстүрлі «денсаулық» спартакиадасы

2020 жылы қаңтардың 06–11 аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да педагогтар мен өзге де қызметкерлер, докторанттар арасында «Денсаулық» атты 48-ші дәстүрлі спартакиада өтті. Спартакиаданың бағдарламасында бадминтон, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, мини футбол сияқты спорттың түрлері қамтылған. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің командасы белсене қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті.


18.12.2019 Спорттық ойындардан жарыс

18.12.2019 ж. «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, жоғары оқу орнына дейінгі білім факультетінде білім алып жатқан студенттерге «Дені саудың, жаны сау» атты спорттық ойындардан жарыс өткізілді. Ұйымдастырған – факультет оқытушысы Сандықбаева Өріккүл. Спорттық барлық түрлерінен, тыңдаушылар өздерінің меңгерген ойындары бойынша топ аралық команда құрылып қызықты ойындар ойналды. Шашки, шахмат, футбол, қол күрес, тоғыз құмалақ, волейбол сияқты спорт ойындарының түрлерінен жарыстар, болып белсенділік көрсетті. Жеңіске жеткен командалар сыйлықтармен, және мақтау қағаздарымен марапатталды. Сабақтан тыс уақытта өткізілетін іс-шаралардың барлығында дерлік тыңдаушыларды еңбекке баулу, бос уақыттарын тиімді пайдаланулары жайында бағыт-бағдар беріп отыру мақсатында жүргізіледі.