Жаңалықтар
Жаңалықтар

10 желтоқсан 2019 жылы Қазақ Ұлттық университет ЖООД білім беру факультетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесімен құттықтау үшін факультетіміздің түлегі танымал әнші сазгер Ұшқын Жамалбек қонақта болды.

2019 жылдың қарашаның 29-ы күні «ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің мәжіліс залында факультет төңірегінде «1-желтоқсан – тұңғыш президент күніне» арналған «ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАН. ЕЛБАСЫНЫҢ ЕРЕН ЕҢБЕГІ» атты көшбасшылық лекциясы өтті.

«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» демекші 2019 жылдың 22-қараша күні кафедрамыздың аға оқытушысы Идрисова Гүлжан Асанқызы және оқытушы Мағаз Ретбектің ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты ашық іс-шара, білім сайысы өтті.

16.11.2019 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, жоғары оқу орнына дейінгі білім факультетінде білім алып жатқан шетелден келген қазақ балалары Алматы қаласында орналасқан негізін сонау 1925 жылы қаланған 200 мыңнан астам жәдігерлік бұйымдары бар орталық мұражайды тамашалады. Бұл саяхат «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тыңдаушыларды, мұражайдағы құнды деректік жәдігерлермен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Ұйымдастырған факультет оқытушысы Сандықбаева Өріккүл. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде білім алатын тыңдаушылар жыл сайын қаламыздың көрікті жерлерін, мәдени орындарын тамашалап өздерін рухани азықтандырады. Солардың ішінде орталық мұражайдың орны ерекше. Мұражайда адамзаттың қалыптасуынан бастап қазіргі тәуелсіз Қазақстанның өмірінен сыр шертетін жәдігерлер қойылған. Біздің тыңдаушыларды орталық мұражайда ең қызықтырғаны өздері жақында ғана Қазақстан тарихынан өткен тақырыптарға қатысты тас, қола, темір, түрік дәуірінің ескерткіштері болды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да еліміздің Тұңғыш Президенті күніне арналған «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!» республикалық форумы өтті.

2019 жылдың 24-ші қазан қүні жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының "Саяхат" тарихи-өлкетану клубы және "Қазақстан елтану" танымдық клубы орыс тілінде оқитын шетел студенттері үшін Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына саяхат ұйымдастырды.

2019 жылдың 24-ші қазан қүні жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының "Саяхат" тарихи-өлкетану клубы және "Қазақстан елтану" танымдық клубы орыс тілінде оқитын шетел студенттері үшін Есік көліне саяхат ұйымдастырды. Шара барысында шетелдік студенттер Іле-Алатау ұлттық саябағына және Есік көліне саяхаттады.

2019 жылдың 20 қазан күні сағат 20:00-де №14-ші жатақхананың акт залында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен «Түркістан – оңтүстік Қазақстанның тарихи орталығы» атты тәрбие шара өтті. Іс-шара барысында шетел студенттеріне берілген тақырып бойынша фильм көрсетілді.

2019 жылдың 18 қыркүйегінде қазақ және орыс тілдерін оқып жатқан жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедра шетел студенттері куратор-эдвайзерлермен бірге «Әлем университеттердің жаһандық саммиті» аясындағы Халықаралық студенттер фестиваліне белсене қатысты.

2019 жылдын 18 қазанында ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің 2010-2011 оқу жылының тыңдаушысы Саид Самим Фарамарзды еске алу шарасы өтті. Саид СамимФарамарз – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дын түлегі . БҰҰ-ның «Жаңа Жібек жолы» модельдік бағдарламасының белсендісі, талантты журналист және TOLOnews (TBC) корреспонденті 2018 жылдың 5 қыркүйегінде Кабулда өзінің қызметтесі Разим Ахмадимен бірге жарылыс кезінде қаза болды. Шараны Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросы, Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігі, Ауғанстан Ислам Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырды. "Ауғанстандағы журналистика" фотокөрмесі ұйымдастырылды. Шара барысында "Саид Самим" фильмі көрсетілді.