Гуманитарлық
Олимпиада 2012.

Олимпиада 2012.


IV Республикалық пәндік студенттердің олимпиадасы «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» және «Маркетинг» мамандықтары бойынша. «Қазақстан экономикасына инновациалық идеялар» тақырыбында.

Менеджмент және маркетинг кафедрасы 19 сәуір 2012 жылы IV Республикалық пәндік студенттердің олимпиадасын «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» және «Маркетинг» мамандықтары бойынша. «Қазақстан экономикасына инновациалық идеялар» тақырыбында өткізді.

Басты демеуші ретінде компания GSM Қазақстан және аль-Фараби атындағы ҚазҰУ.

Олимпиада миссиясы жастардың арасында басқарушылық ойлауды қалыптастыру мен студенттерді ғылыми – зерттеушілік әрекеттегі инновациялық басқаруға бейімділігін арттыру. Олимпиада мақсаты – Қазақстандағы инновациялық өнім мен қызметті видеоролик арқылы таныстыру.

Олимпиадаға қатысу үшін командалар ұжымдық тапсырысты 20 қаңтарға дейін тапсырды. Келесі кезеңге ең жақсы тапсырмамен шыққан командалар өтті.

Олимпиада Экономика және бизнес жоғары мектебінің 1,2, и 5 залында 10.00- 17.00 сағатта өткізілді.

Барлығы олимпиадаға мамандықтар бойынша 17 команда қатыстырылды, еліміздің 10 Жоғарғы оқу орнынан, Республиканың 4 қаласынан (Алматы, Шымкент, Актөбе, Өскемен). «МжЖБ» мамандығы бойынша келесі командалар қатыстырылады: «ГМУ-334» Халықаралық Бизнес Университеті (UIB), «Дастан агай және оның командасы» Т.Рыскулов атындағы ҚазЭУ, «White hill» С. Байшиев атындағы Актөбе Университеті, «Алаш» К.А. Яссауи атындағы қазақ-түрік университеті, «Ел тұтқа» аль- Фараби атындағы ҚазҰУ, «Локоматив» С. Байшиев атындағы Актөбе Университеті. «Менеджмент» мамандығы бойынша келесі командалар: «Білікті менеджерлер бірлестігі» Т.Рыскулов атындағы ҚазЭУ, «ТРЭК» Д.Серикова атындағы ШҚМТУ, «Ғылым қырандары» аль- Фараби атындағы ҚазҰУ, «Триумф» М. Ауезов атындағы ОҚМУ., «Iteam» аль- Фараби атындағы ҚазҰУ. «Маркетинг» мамандығы бойынша келесі командалар: «Marketingplus» М. Ауезов атындағы ОҚМУ, «Формат 3D» ҚазҰБА, «9.1.1.» Халықаралық Бизнес Университеті (UIB), «GPA 4.0» Т.Рыскулов атындағы ҚазЭУ, «Step-up» Халықаралық Бизнес Университеті (UIB), «Effect team» аль- Фараби атындағы ҚазҰУ.

Э.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА академигі Сатубалдин С.С., байқау комисиясының мүшесі «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.д., профессор К.С. Мухтарова, байқау комисиясының төрағасы э.ғ.д., профессор Урузбаева Н.А., бас демеуші компаниядан GSM Қазақстан Татьяна Филипчик құттықтау сөзі сөйледі « IV Республикалық студенттер арасындағы пәндік олимпиадамен барлықтарынды құттықтады. Алдағы жарыста Сіздерге сәттілік тілеп, Олимпиадада жолдастықтың, түсіністіктің, достықтың, білуге құштарлықтың және жеңіске деген ұмтылушылықтың рухы сезілуін тіледі».

I дәрежелі БҒМ дипломымен – «Effecteam» командасы аль-Фараби атындағы ҚазҰУ.

II дәрежелі БҒМ дипломымен – «9.1.1.» командасы Халықаралық Бизнес Университеті

III дәрежелі БҒМ дипломымен – «Step-Up» командасы Халықаралық Бизнес Академиясы

Сонымен бірге Олимпиаданың байқау комисиясы студенттер мен командаларды келесі номинациялар бойынша марапаттауға ұсынады:

1. Номинация «Көрермендер көзайымы сыйлығы» - «Формат 3D» командасы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

2. Номинация «Ең креативті команда» - «GPA – 4.0» командасы Т.Рыскулова атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

3. Номинация «Демеуші сыйлығы» - «Marketing plus» командасы М. Ауезов атындағы ОҚМУ