- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Экономика жәнe бизнес жоғары мектебі
- Факультет туралы
Факультет туралы
Экономика және бизнес жоғарғы мектебі: негізгі фактілер
– 1949 жылы негізі қаланған, ең алғашқы деканы – ғылымына еңбек сіңірген қайраткер Федор Алексеевич Жеребятьев.
– Қазақстан Республикасындағы экономикалық мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандар, магистрлер мен Ph.D. докторларын дайындайтын ең үлкен және ең алғаш құрылған орын.
– Профессорларлық-оқытушылық құрам әрі беделді ғалымдар, әрі келешегі зор жас ғалымдардан тұрады, олар өз кезегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әртүрлі уақытта жұмыс істеген танымал отандық экономистердің ізін қуып, ғылыми дәстүрлерін жалғастырып келеді.
– 70-жылға жуық тарихында экономикалық профильдегі 15000-нан астам маман, 270 ғылым докторлары мен кандидаттарын, 2000 магистрлер мен Ph.D. докторларын дайындап шығарды.
– Жыл сайын мемлекеттік білім грантының иегері атанған абитуриенттердің жартысынан астамы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебін таңдайды. Себебі:
- біздің түлектеріміз табысты әрі бәсекеге қабілетті және бизнес, ғылым, білім салаларында, ұлттық және шетелдік компанияларда, мемлекеттік қызметте жоғары сұранысқа ие;
- біздің студенттер, магистранттар мен докторанттар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім алып, өздеріне қолайлы жеке оқу траекториясы мен оқыту формасын таңдай алады;
- біздің студенттер екі дипломдық білім беру бағдарламалары арқылы шетелдік әріптес университеттің де дипломын алу мүмкіндігіне ие;
- біздің студенттер оқудың бірінші күнінен бастап ғылыми-зерттеу қызметіне, жетекші ғалымдардың ғылыми жобаларына қатыса алады;
- біздің студенттер университеттің қоғамдық өміріне белсенді ат салыса отырып, өздерін ары қарай жетілдіруге, жан-жақты дамытуға мүмкіндік алады.
ХХІ ғасыр экономистеріне білім берудің қара шаңырағына қош келдіңіздер!