Кафедраның негізгі бағыты оқу мақсатына қарай шетелдіктерге тілдік және жалпы білім беру. Тілдік дайындық мынадай топтарға бөлініп жүргізіледі.
а) ЖОО-на түспейтін бастауыш деңгей үшін (А1-А2);
б) ЖОО-на түсетін жалғастырушы деңгей үшін (В1-В2);
в) ЖОО-на түспейтін жалғастырушы деңгей үшін (В1-В2);
1985 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да орыс тілін шет тіл ретінде оқыту кафедрасы ашылды. Кафедраға жұмысқа Патриса Лумумбы атындағы Халықтар достығы университетінің түлектері С.К. Гайворон, А.В. Друзь, В.В. Кривенко, Е.К. Нурмухамбетов, ММУ-дің түлектері А.С. Айтпаева, И. Г. Жуламанова, И.В. Кильдюшова, ЛМУ-дің түлегі Т.А. Шуховцова , Н. К. Крупская атындағы Мәскеу педагогикалық университетінің түлегі У.К. Валеева, Абакан университетінің түлегі Л.В. Екшембеева және Қырғыз университетінің түлегі И.И. Сапронова, сондай-ақ ҚазҰУ мен Алматы қаласының басқа да жоғары оқу орындарынан білікті мамандар: Л.А. Катаева, Ж.А. Нұршайықова, Е.М. Степанова, Л.С. Торохтий және басқа да оқытушылар шақырылды. Оқытушылар құрамы әр түрлі ұлт өкілдерінен тұрды.
Кафедраға жұмыс істеуге келген Халықтар достығы университетінің орыс тілін шет тіл ретінде оқыту мамандығы бойынша бітірген түлектері кафедраның басқа мүшелеріне жаңа мамандықтың қыр-сырын үйретті. Қазіргі кезде кафедра ардагерлері болып отырған сол кездегі жас оқытушылар алғашқы қадамдарын Африка мен Оңтүстік Шығыстан келген студенттерді оқытудан бастады. Ресей үшін бұл кезде орыс тілі шет тіл ретінде оқыту бірнеше жылдан бері жаңа ғылыми бағыт ретінде танылып келсе, Қазақстан үшін жаңалық еді. Жергілікті жағдайда республика өміріндегі 20 ғасырдың соңы мен 21 ғасырдың басындағы саяси, мәдени, ментальдық және басқа да өзгерістерге байланысты экстралингвистикалық факторлар негізінде қостілділілік пен көптілділікті дамыту аса қажет болды.
2007 жылы кафедрада қазақ тілін шет тіл ретінде оқыту ме орыс тілін шет тіл ретінде оқытуға қатысты Оқу бағдарламалары жаңартылып, осы және дайындық факультетінде оқытылатын басқа да аспектілік пәндер бойынша оқу бағдарламаларының жинағы шығарылды. Қазақ және орыс тілдерінің оқу бағдарламалары Білім беру стандартына сай, Еуропалық тілдік портфельге жуықтатылып жасалынған. Қазақ тілін шет тіл ретінде оқыту мен орыс тілін шет тіл ретінде оқытуда оқу материалын беруді алгоритмдеп ұйымдастыру студенттік аудиторияда мол мүмкіндікке ие бола алады. Бұл бағдарламаларды қолданбалы тіл білімі мен тіл дидактикасының қазіргі заманауи талаптарға жауап беретін түрлері ретінде сипаттауға болады.
Қазіргі уақытта кафедрада өзге тілді меңгертудің мәселелерін зерттейтін ғылыми-әдістемелік мектеп қалыптасты. 3 докторлық, 9 кандидаттық диссертацияны екінші тілді меңгертудің ғылыми-әдістемелік негізі деп айтуға болады. Оқытушылардың ғылыми жұмыстарының нәтижелері қазақ тілін шет тіл ретінде оқыту мен орыс тілін шет тіл ретінде сабақтары мен шетелдіктерге арналған оқулықтар, оқу құралдарында қолданылып жүр. Ұжымдық монографияның, ғылыми-әдістемелік еңбектер жинағының, тіл оқытудағы авторлық технологиялар жинағының жарық көруі кафедра ұжымының қазақ тілі мен орыс тілін шет тіл ретінде оқытуға ғылыми және креативті тұрғыда қарайтындығын дәлелдейді.
Сабақтарда кафедра оқытушыларының авторлық әдістемелері белсенді түрде қолданылады:
1. Бастауыш деңгейдегі жай сөйлемнің құрылымы;
2. Грамматикалық материалды алгоритмдеп беру;
3. Өзін-өзі ұстау стереотиптері, тақарыптық жағдаяттардың модульдерін қолдану;
4. Қарым-қатынас кеңістігін моделдеу;
5. Тілді меңгеру үдерісінде инофондық қабілетті жандандыру арқылы қызықтырудың интерактивті әдісін қолдану;
6. Интербелсенді әдістемелер.
Кафедра біліктілікті көтерудің дәстүрлі түрлерімен қатар жаңа түрлеріне де ие. Жас оқытушылардың педагогикалық шеберліктерін жетілдіру мақсатында кафедрада «Шетелдік аудиториядағы пәндерді оқытудың заманауи әдістеріндегі дәстүрлер мен инновациялар» атты ғылыми-әдістемелік семинар жұмыс істейді. Семинарда «Проектный метод обучения», «Анализ и оценка урока русского языка в иностранной аудитории», «Портфолио как активный метод обучения и его внедрение в учебную деятельность», «Применение компьютерных технологий в преподавании РКИ, КазКИ и других дисциплин», «Сабақтың құрылымы» және т.б. тақырыптар талқыланады. Талқыланып отырған тақырыптар өзекті және олар оқу үдерісіне енгізіліп отырған жаңа жобаларда көрініс табады.