- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №6 (1832) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын тікелей эфир арқылы тыңдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауы бүкіл әлемді алаңдатып отырған геосаяси жағдайдың күрт шиеленісуімен байланысты қазіргі заманғы тарихта бұрын-соңды болмаған қаржылық-экономикалық қиындықтармен байланысты жағдаймен тұспа-тұс келіп отыр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Наурыз апталығы аясында «Наурыз: дәстүр және жаңғыру» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға отандық тарихшы, этнолог, археолог, музейтанушы ғалымдар, мемлекеттік және қоғамдық ұйым өкілдері мен білім алушы жастар қатысты.

Профессор Құбығұл Бозайұлымен таныстығымыз, аралас-құралас, сыйлас болып, ғылымның бір саласында қарекет етіп келе жатқанымызға 60 жылдың жүзі болыпты. 1962-65 жылдары мен сол кездегі ҚазМУ-дың Педагогика және психология кафедрасының аспиранты едім, әрі жарты (0,5) ставкада студенттерге сабақ беремін.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы - Ректор Жансейіт Түймебаев білім және ғылым интеграциясы жобасы аясында ғылыми-зерттеу институттарының басшыларымен кездесті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көктемнің келуіне орай, Наурыз мейрамына тән Көрісу күнін сән-салтанатпен ұйымдастырды.

Белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев ҚазҰУ студенттерімен жүздесті.

ҚазҰУ – Жер шарының әр түкпірінен түрлі ұлттар мен ұлыстар келіп, ілім-білім алып, тәжірибе алмасып жатқан жоғары оқу орны. Білім қақпасы әлемге ашылған оқу ордасына қызығушылық танытып, оқуға келіп жатқан шетелдік студенттердің қарасы көп. Кейіпкеріміз Ахмад Хамед Наяб ҚазҰУ-ды таңдаудағы басты себебі мен оқу ордасы туралы ой-пікірімен бөлісті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 247 магистранты ынтымақтастық және бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру аясында Түркияның ең ірі білім ошақтарында ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өтуде.