- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
11.02.2022 Геокеңістіктік инженерия – келешектің кепілі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Жоғары білім беру әлеуетін арттыру» бағдарламасы аясында Эразмус+ халықаралық жобасын жүзеге асыруда. Осы мақсатта Еуропалық комиссияның қаржыландыруымен «Жағалаудағы экожүйелерді климаттың өзгеруіне бейімдеуге арналған геокеңістіктік инженерия бойынша жаңа курстар-GEOCLIC» жобасы іске қосылған еді.
11.02.2022 «Студенттік көктем – 2022»
ТАҚЫРЫБЫ: «Менің мамандығым – менің болашағым!»
10.02.2022 «QAZAQ UNIVERSITETI» ГАЗЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ НӨМІРІ ЖАРЫҚ КӨРДІ
Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №3 (1829) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.
10.02.2022 Тәттілер нарығында «төңкеріс» жасайтын өнім
Бүгінгі таңда Халықаралық диабет федерациясының мәліметі бойынша әлемде 463 миллион адам қант диабетімен ауырады. COVID-19 эпидемиясы қант диабеті (SD) мен семіздіктің кең таралуына байланысты денсаулық сақтау саласын орны толмас шығынға ұшыратты. Өйткені мұндай ауруы бар науқастарда инфекция ағымы күшейе түседі.
08.02.2022 Мақсатымыз – бүкіл қазақты тұтастандыру
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасында тарих ғылымының докторы, Қытайтану кафедрасының профессоры, университет жанындағы Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының директоры Нәбижан Мұқаметханұлының «Қазақ университеті» баспасынан шыққан «Халықаралық феномен: қазақ халқының бөлінуі мен тұтастану үдерісі» атты кітабының тұсаукесері өтті.
07.02.2022 БАСТЫ МАҚСАТ – ЕЛ ДАМУЫ: ҚазҰУ сарапшыларының пайымы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауы тегін емес. Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. 2022 жылды іс жүзінде балаларды қорғау жылы ретінде өткізіп, білім
беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру сынды салаларда ел болашақтарына жете мән берілуі тиіс.
07.02.2022 ҚазҰУ-дың жеті ғалымы «Үздік ғылыми қызметкер» атағымен марапатталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жеті ғалымы «Үздік ғылыми қызметкер – 2021» байқауының жеңімпазы атанды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі алғаш рет ұйымдастырған байқауда еліміз бойынша алты ғылыми-зерттеу институты мен 16 жоғары оқу орнының 50 ғалымы үздік деп танылды. Оларға 6 млн теңге көлемінде қаржылай сыйақы тағайындалды.
07.02.2022 Кәсіпкерлер студенттерді тәжірибеден өткізуге дайын
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, серіктестік туралы мәселені талқылады.
07.02.2022 Жасыл технологияға жаңа даңғыл жасаған ғалым
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық ынтымақтастығы арта түскенін, осында дәріс беруші профессор-ғалымдардың дәрежесінен байқаймыз. Осындай халықаралық деңгейде мойындалған ғалымдардың бірі – доктор Моханрадж Муругесан. Ол жоғары импакт-факторлары бар атақты халықаралық журналдарда 90-нан астам мақала жариялаған. Стэнфорд университетінің зерттеуіне сәйкес, ол бүкіләлемдік ғалымдардың үздік 2 пайызына кіреді.
04.02.2022 ҚазҰУ түлектері олимпиадада өнер көрсетеді
Бүгін Бейжіңде XXIV қысқы олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Дүбірлі додада ел намысын қорғайтын 34 спортшы қатарында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері де бар.