- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс өткен ХХІ съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі бірқатар саяси-әлеуметтік мәселелерге тоқталды.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен ҚР БҒМ кеңейтілген алқа отырысында білім және ғылым саласындағы 2021 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2022 жылға арналған міндеттер талқыланды.

Бүгінгі төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде білім беру бағдарламалары үнемі өзгерістерге бейім болу мен жаңа білімді меңгеру қабілетін дамытуға бағытталуы тиіс. Осы орайда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқу үдерісіне енгізген жаңа білім беру бағдарламаларының бірі – «Робототехникалық жүйелер».

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері Алматы қаласындағы тәртіпсіздік кезінде өртке оранған «QAZAQSTAN» телерадио кешенін ретке келтіруге көмектесті. Олар қаланың белсенді жастары және еріктілерімен бірге ғимаратты өртенген заттар мен қоқыстардан тазартты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен кезекті Ғылыми кеңес отырысында сараптамалық-талдау тобының жұмысының алғашқы нәтижелері талқыланды. Ғалымдар тобы елді дағдарыстан шығару бойынша кешенді шешімдер мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында қаңтар оқиғаларынан кейінгі алғашқы күндері жедел құрылған болатын.

Сіздің шақыруыңызбен 2021 жылдың 20 қарашасында Қазақстанның ең дамыған әрі заманауи жабдықталған беделді университеті – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келу нәсіп болды. Қысқа мерзімді дайындықтың нәтижесінде сіздердің жоғары деңгейдегі қабылдауларыңызға ризашылығымды білдіргім келеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин келіп, білім ордасының қызметімен танысты.
Жоғары білім саласындағы жақсы жаңалықтар. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы тағы да өседі. Бакалаврларда 20%-ға, магистранттар мен докторанттарда 15%-ға артады. Өткен жылы стипендия дәл осындай мөлшерде өскенін естеріңізге саламыз (15% және 20%).

Биылғы байқауға еліміздің 76 жоғары оқу орнынан 718 үміткер қатысты. Өтініш берушілердің оқыту сапасы, білім беру ресурстарының дамуы, жарияланымдарының белсенділігі, өнертабыстарға патенттердің болуы және басқа көрсеткіштері бағаланды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев оқу орнындағы ғалым-сарапшылармен кездесу өткізді. Онлайн форматта өткен жиынға қатысушылар Қазақстан тарихында алғаш рет орын алған қаңтар оқиғасын талқылады.