- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары, студенттері, магистрант-докторанттары!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті жариялаған «Үздік ғылыми қызметкер – 2021» республикалық байқауының қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жеті ғалымы үздік деп танылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушылары мен қызметкерлеріне біліктілікті арттыру курстарының халықаралық сертификаттары табыс етілді.

«Үздік ғылыми қызметкер — 2021» сыйлығының қорытындысы белгілі болды. Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының 50 ғалымы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы 2000 АЕК, яғни 5 млн 834 мың теңге көлемінде куәлік пен сыйақы алады.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары, ақын Қазыбек Иса білім ордасының басшысы Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевқа «Жыл ректоры» марапатын табыстады.

Қазақстандық 34 университет британдық QS EECA 2022 агенттігінің нұсқасы бойынша үздік жоғары оқу орындарының тізіміне енді. Рейтинг Еуропа мен Орталық Азия елдерінің үздік жоғары оқу орындары туралы ақпаратты қамтиды. ТОП-100 құрамына жеті отандық университет кірді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ғылым саласында мемлекеттік стипендия мен атаулы сыйлықтарға ие болған лауреаттармен кездесті. Жүздесу барысында университет басшысы алдымен жетекші және жас ғалымдарды жеткен жетістіктерімен құттықтады.

Елімізде қаржылық сауаттылық бойынша бірыңғай дереккөз және негізгі ақпараттық ресурс болып табылатын fingramota.kz интернет порталы іске қосылды. Бұл ҚазҰУ оқытушылары мен білім алушылары үшін де қаржылық сауаттылықты арттыруға тамаша мүмкіндік.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Абай ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының құрастыруымен «Абайтану антологиясы» 10 томдығы жарық көрді.

2022 жылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлерге ҰБТ тапсыру үшін қосымша уақыт беріледі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша Ұлттық тестілеу орталығы ерекше қажеттіліктері бар талапкерлер ҰБТ-ны қолайлы жағдайларда өтуі үшін бірқатар шаралар қабылдайтын болады.