- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Саналы ғұмырын ғылым жолына арнап, зерделі еңбектерімен халықаралық деңгейдегі ғалымдарды мойындатқан Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат Жұрынов 80 жасқа толды. Ел зиялысы еңбек жолын қарапайым оқытушылық қызметтен бастап, жоғары оқу орнының ректорына дейінгі аралықтағы баспалдақтан түгел өтті.
28.12.2021
Ел тарихын жаңаша тани бастадық
Тәуелсіздік рухынан қуат алған университеттің тарих факультеті ғалымдары өткен отыз жылда отандық тарихтың барлық кезеңдеріне, оның ішінде ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін жаңаша көзқарас тұрғысынан қарастырып, ондағы ең өзекті проблемаларға қатысты бірнеше жүздеген ғылыми мақала жазып, ондаған монографиялық зерттеу еңбектерін жариялады.
27.12.2021
Қырымбек Көшербаев ҚазҰУ студенттерімен кездесті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев «Креативті индустрияны дамытудың келешегі» тақырыбында жастармен кездесу өткізді.
27.12.2021
Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы оқу зертханасы ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, құрметті журналист Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының оқу-шығармашылық зертханасы ашылды.
24.12.2021
Қазақ қаламгерлерінің еңбектері араб тіліне аударылады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Біріккен Араб Әмірліктерінен келген Мұхаммед әл-Муайни бастаған делегациямен кездесті. Тараптар өзара серіктестікті дамыту, сонымен қатар білім мен ғылым саласында жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізу бойынша пікір алмасты.
24.12.2021
ҚазҰУ студенттерінің білімін жоғары бағалады
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (ХЖТИЖО) студенттер күніне арналған вебинарлар сериясының жеңімпазы атанды.
24.12.2021
ҚазҰУ магистранттары Германияда тағылымдамадан өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жасанды интеллект және Big Data кафедрасының бір топ магистранттары Бойт атындағы Берлин қолданбалы ғылымдар университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
24.12.2021
«QAZAQ UNIVERSITETI» ГАЗЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ НӨМІРІ ЖАРЫҚ КӨРДІ
Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №43 (1825) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.
23.12.2021
Академикті мемлекеттік марапатымен құттықтады
Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры, академик Аманкелді Садановпен кездесіп, Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік марапатымен құттықтады. Көрнекті тұлғаға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады.
23.12.2021
Практикалық құқықтану кафедрасы ашылды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Халықаралық ғылымды дамыту орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, университетаралық Практикалық құқықтану кафедрасы ашылды.