- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Өзбекстанның медицина және денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орындарының өкілдері келді. Тараптар өзара әріптестікті дамыту жөнінде пікір алмасты.

ҚазҰУ-дың үздік қызметкерлерін анықтау, оларды әлеуметтік және моральдық қолдау және ынталандыру мақсатында «Ең үздік маман-2021» байқауы өтті. Сайысты ұйымдастырушы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы. Биыл бұл сайыстың 10 жылдық алғашқы мерейтойы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып ұйымдастырылып отыр.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.

Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитын шетелдік студенттердің саны 30 мыңға жетті. Азаматтары Қазақстанға білім алу мақсатында келетін мемлекеттердің географиясы айтарлықтай кеңейді: АҚШ, Африка, Ресей, сондай-ақ Таяу Шығыс елдерінен келген студенттер санының өсімі байқалады.

Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдық белесіне көтеріліп, дамудың жаңа дәуіріне аяқ басты. Қайта жаңғырған Қазақ мемлекеті ғасырдың үштен бірін бағындырып, елдік тойын сән-салтанатымен атап өтуге кірісті.

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары, студенттері, магистрант-докторанттары!
Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биотехнология кафедрасының доценті міндетін атқарушы Гүлнар Ұлтанбекова отандық антибиотикті әзірлеу жөніндегі ғылыми жоба үшін авторлар құрамында Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгін білім ордасының Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев марапат иесін қабылдап, жоғары жетістігімен құттықтады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары бәсекеге қабілеттілігін кезекті рет дәлелдеп, Еуропа мен Орталық Азияның дамушы елдерінің үздік университеттері рейтингінде 19-орыннан 16-орынға көтерілді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ана тілі аруы – Жігіт сұлтаны» – 2021 байқауы өтті. Студенттер сенаты ұйымдастырған байқауға оқу орнының студенттері және Алматы қаласы университеттерінің жастары қатысты.

Data Science білім беру бағдарламасы – деректер туралы ғылым саласында әлемдегі ең танымал және сұранысқа ие озық бағдарламалардың бірі. Ол студенттерге ауқымды деректермен шебер және сыни тұрғыдан жұмыс істеу машығын меңгеруге көмектеседі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы биылғы оқу жылынан бастап осы инновациялық білім беру бағдарламасы бойынша маман даярлауды бастады.