- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тәуелсіз Қазақстан әлемдік ғылыми-зерттеулер кеңістігінде» атты халықаралық конференция өтуде. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған алқалы жиын онлайн және офлайн форматында өтуде.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – саяси тұрақтылық пен экономикалық өркендеудің негізі ретінде Н.Назарбаевтың құқықтық моделі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынның мақсаты – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуы мәселелерін талқылау. Айтулы шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты онкүндіктің алғашқы күнін университет студенттері ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығынан бастады.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлар қауымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттарын талқылауға қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғалымдарының қатысуымен Қазақстан мен Түрікменстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған онлайн форматта халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті. Шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев пен Ақсақалдар кеңесінің мүшелері қатысты. Кеңеске қатысушылар ағымдағы жылды қорытындылап, 2022 жылға арналған басым міндеттерді айқындады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов арнайы келді. Жұмыс сапары барысында министр білім ошағында атқарылған жұмыстармен танысты.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» онкүндігі аясында «Елім менің» атауымен студенттердің еркін пікірталас алаңы өтті.

«Ауғанстандағы тұрақсыздық және Орталық Азиядағы қауіпсіздікті шешу жолдары» атты студенттік мақалалар байқауы аяқталды. Бұл байқау бейбітшілік пен тұрақтылықты ой елегінен өткізіп, жоғары оқу орындары жастарының геосаяси мәселелерге араласуына түрткі болып, болашақ зерттеушілердің өз кәсіби шеберліктерін көрсетулеріне мүмкіндік берді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев оқу орнында білім беріп жатқан шетелдік профессор-ғалымдармен кездесу өткізді. Жиынға әлемнің 30-ға жуық елінің ғалымдары онлайн және офлайн форматта қатысты.