Жаңалықтар

Жаңалықтар


6-жел-21 ҚазҰУ-да «Тәуелсіздік толғауы» поэзия сағаты өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қалашығындағы «Мәңгілік ел» сағат-стеласы алаңында алғаш рет «Тәуелсіздік толғауы» атты поэзия сағаты өтті. Рухани шара «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» онкүндігі аясында ұйымдастырылды.


5-жел-21 Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 саны бейнеленді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арнап патриоттық флешмоб өткізіп, 30 таңбасын көркем бейнеледі. Шара оқу орнында бастау алған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» онкүндігі аясында өтті.


4-жел-21 ҚазҰУ-да «Балалық шағымның аспаны» кино кеші өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» онкүндігі аясында «Балалық шағымның аспаны» атты кино кеші өтті. Студент жастар ҚР Тұңғыш Президентінің балалық және жастық шағы жайында түсірілген алғашқы көркем фильмді тағы бір рет тамашалап, рухани жігерлене түсті.


4-жел-21 Ғалымға құрмет көрсетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған «Қазақстан ғылымының дамуы, өзекті мәселелері» атты ғылыми конференцияға қатысты.


4-жел-21 ҚазҰУ-да IAAR халықаралық аккредиттеу өтуде

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде IAAR тәуелсіз аккредиттеу агенттігі халықаралық аккредиттеуді өткізуде. Сыртқы сараптау комиссиясының аккредиттеу рәсімі гибридті форматта екі кезеңде өтті ­– қараша және желтоқсан айының басында.


3-жел-21 Тарих жасаған тұлға

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» онкүндігі аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тарих жасаған тұлға» кітабы бойынша танымдық дәріс өтті. Дәрісті «Болашақ» бағдарламасының түлегі, PhD Думан Жекенов жүргізіп, кітаптың ең қызықты және маңызды сәттерін айшықтап берді.


3-жел-21 Тұлғалар тойы екі халыққа ортақ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев «Қазақ-қырғыз – Алаштан» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Айтулы шара түркі әлемінің ортақ мақтанышы, қазақ-қырғыз бауырластығын бекемдеуге зор үлес қосқан жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, сонымен бірге қырғыз халқының көрнекті тұлғалары, Алаш қайраткерлері Жүсіп Әбдірахманов пен Қасым Тыныстановтың туғанына 120 жыл толуына орай өтіп отыр. Халықаралық жиынды Түркі академиясы ұйымдастырды.


3-жел-21 Еділ Ерғожин атындағы мәжіліс залы ашылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде академик Еділ Ерғожиннің туғанына 80 жыл толуына орай, «Ғылым, білім, инновациялар: әлемдік трендтер және аймақтық аспектілер» атты халықаралық симпозиум өтті.  


3-жел-21 Рахила НАРАЛИЕВА, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы Тәуелсіздік білім беру саласына жаңа бағыт әкелді

Биыл – Қазақстан Республикасы үшін тарихи тағылымды жыл. КСРО мемлекетінің ыдырап, Қазақ елінің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толуда. Тарих атты алып шежіре үшін 30 жыл қас қағым сәт болар, ал біздің ел үшін тәуелсіздік жылдары – еліміздің толағай табыстарға қол жеткізген тарихи маңызы бар айтулы кезең. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Н.Назарбаевтың парасатты көшбасшылығымен талай қиындықтан өттік, іргетасы берік, қуатты мемлекетке айналдық.


3-жел-21 Сауытбек АБДРАХМАНОВ, Мәжіліс депутаты Қабырғалы қаламгерлер ҚазҰУ-дан шыққан

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевтың арнайы шақыруымен білім ордасы студенттері алдында көшбасшылық дәріс оқыдым.