- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биотехнология кафедрасы Nobel Алматы фармацевтикалық фабрикасымен өзара ынтымақтастық келісімін жасауға уағдаласты. Өзара ықпалдастық мәселелері кафедра меңгерушісі Аида Қыстаубаева мен компанияның бас директоры Селчук Танриверди мырзаның кездесуі барысында талқыланды.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай, арнайы апталық басталды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық фестивалінің гала-концерті өтті. Жамбылдың 175 жылдығына арналған заманауи фестиваль отандық хип-хоп индустрияның талантты өкілдерінің басын қосты.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 22-28 қараша аралығында арнайы апталық өтеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Түркияның экс-президенті Абдулла Гүл келді. Ғылыми кітапханада белгілі саясаткер университеттің оқытушы-профессорлары және студенттерімен кездесу өткізді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 2021 жылдың 20 қарашасы күні сағат 12.30-да Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Түркияның экс-президенті Абдулла Гүлмен кездесу өтеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – саяси тұрақтылық пен экономикалық өркендеудің негізі ретінде Н.Назарбаевтың құқықтық моделі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынның мақсаты - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуы мәселелерін талқылау. Айтулы шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде химия және химиялық технология факультетінің ұйымдастыруымен ХІ халықаралық Бірімжанов съезі басталды.

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Жақсылық жасауда өзара жарысыңдар» деген екен. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Қансейітұлы осы қасиетті қағиданы жүзеге асыру мақсатында өз қызметіне қызу кірісіп кетті. «Қаракет қыл, пайдасы көпке тисін» деп хәкім Абай айтқандай, алғашқы күннен бастап, дүйім халық, мұқым елге пайдасы тиетіндей игі де ізгі істерді қолға алды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының «ҚазҰУ студиясы» жобасы аясында баспагер, журналист, Forbes Kazakhstan журналының қазақ тіліндегі нұсқасының бас редакторы Бақытжан Бұқарбаймен кездесу өтті.