- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

ҚазҰУ-дың Әл-Фараби атындағы ғылыми кітапханасында Рухани келісім күні аясында «Рухани келісім конфессияаралық диалог пен әлем мәдениетінің факторы ретінде» тақырыбында ғылыми-практикалық форум өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырған студенттер мен магистранттар арасындағы «Абай әлемі» ғылыми байқауында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушылары топ жарып, үздіктер қатарынан көрінді.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №37 (1819) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Creative Valley платформасының Орталық Азия нарығын дамыту жөніндегі директоры және өкілдік кеңесшісі Малгожата Туар ханыммен кездесті.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің кезекті отырысын өткізді.
Ғылыми кеңес мүшелері алдымен университет кампусында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, жаңартылған оқу ғимараттарын аралады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері Астана жоғары технологиялық университетінде (Нұр-Сұлтан) өткен «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: ұлттық деңгейдегі механизмдер мен институционалды енгізу» тақырыбындағы халықаралық аймақтық семинар жұмысына қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ыстамбұлдағы Жеррахпаша (Cerrahpasa) университетінің ректоры Нури Айдын бастаған делегациямен кездесті. Әңгіме барысында медициналық кластер саласындағы ынтымақтастық бағыттары талқыланды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Түркіменстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Режеповпен кездесті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Ж.Қ.Түймебаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде G-Global халықаралық хатшылығының «Жасыл экономика коалициясымен» бірге «3.2.1. Старт» жобасының таныстырылымы өтті.