- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев халықаралық спорт шебері, Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымовпен кездесті. Кездесуде салауатты өмір салтын насихаттау мен студенттік спортты дамыту жайлы мазмұнды әңгіме өрбіді.

Шыбындар экологиялық мәселелерді шешуге көмектесуде. Ғылыми атауы – Нermetia illucens, ал адамдар арасында «қара сарбаз» деп аталатын шыбынның дернәсілдері органикалық қалдықтарды табиғи таза тыңайтқышқа айналдырып қана қоймай, ақуыздарға бай құрама жемдерді жасауда таптырмас дүние болып табылады. Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде Оңтүстік Америкада кездесетін қара шыбынның құрттарын өндіру қарқынды өсіп келеді.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі биология және биотехнология факультетінің оқу ғимаратында студенттерге арналған жаңа асхана ашылды. Салтанатты күн игілікті іспен басталып, барша келушілерге дәмді тағам мен тәттілер тегін ұсынылды.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №36 (1818) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бүгінде шетелдік университеттермен белсенді қарым-қатынас орнап, білім беру және ғылыми қызмет жандана түскен. Осындай кезекті ресми кездесуде ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Лихай университетінің шығармашылық ізденістер жөніндегі бірінші проректоры және Mountaintop бастамасының директоры, профессор Ханджан Мехтамен ынтымақтастық және бірлескен жобаларды іске асыру жайын талқылады.

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Пәкістанның Қазіргі заманғы тілдер ұлттық университетінің ректоры, генерал-майор Мұхаммед Джафармен онлайн кездесу өткізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың
есептік кездесуінде түскен сұрақтарға жауап

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-дың БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОР Ж.Қ.ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ
Құрметті есепке қатысушылар, алыс-жақыннан Zоом-ға қосылып отырған әріптестер, зиялы қауым өкілдері, оқытушы-профессорлар құрамы, ата-аналар, білімгерлер!

Құттықтаймыз!
«Балалар әдебиеті жылы» аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхана ұйымдастырған «Ер Төстік» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған әдеби байқауының әділқазылар алқасы біздің әріптесіміз, «Қазақ университеті» газетінің тілшісі Нұрбек Нұржанұлының «Кітап патшалығы» әңгімесін үздік шығарма ретінде бағалап, «Проза» жанры бойынша байқаудың жеңімпазы» деп жариялады.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне «Kazakh Cinema» Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаев бастаған отандық кино саласының белгілі мамандары келді. Кездесу аясында ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев пен «Kazakh Cinema» Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.