- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
07.10.2021
Діни ағарту – қоғамдағы тұрақтылық кепілі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Исламабад халықаралық ислам университеті жанындағы Исламды зерттеу институтының бас директоры Мұхаммед Зия ул-Хак мырзамен онлайн жүздесті. Тараптар білім мен ғылым саласындағы өзара ынтымақтастықтың маңызы мен міндеттерін талқылады.
07.10.2021
Тың тақырыпқа түрен салған қаламгер
Белгілі қаламгер-публицист, бірнеше кітаптың авторы, «Qazaq universiteti» газетінің тілшісі Қайыржан Төрежанов мерейлі 60 жасқа толып отыр.
07.10.2021
Елдос СМЕТОВ, Токио-2020 олимпиадасының қола жүлдегері: Университет маған үлкен қолдау көрсетті
Биыл Токио-2020 олимпиадасына қатысқан бір топ түлектеріміз бен студенттеріміз ҚазҰУ-дың және еліміздің абырой-беделін көтергені көпшілікке мәлім. Осы орайда, ҚазҰУ түлегі, дзюдошы Елдос Сметовті әңгімеге тарттық. Ол іргелі білім ордасының заң факультетін бітірген. Токио-2020 олимпиадасында 60 келі салмақта бақ сынасып, қола медальға қол жеткізді.
Қуанышев Дулат Оразбекұлы 1960 жылы Ақмола облысы Атбасар ауданында туған. 1984 жылы Мәскеу қаласында П.Лумумба атындағы Халықтар достығы университетінің тарих-филология факультетін, 2005 жылы Париждегі халықаралық қатынастар жөніндегі CEDS дипломатиялық және стратегиялық зерттеулер орталығының курсын бітірген.
07.10.2021
Бүгін мен болашақтың драйвері
Еліміздің ең үздік студенттеріне жыл сайын Тұңғыш Президент қорының стипендиясы тағайындалатын. Жүздеген студенттің арасынан озып шыққан ҚазҰУ-дың білімгерлері қордың қаржылай қолдауына ие болып келеді.
07.10.2021
КЕМБРИДЖДЕ «ҰЛЫ ДАЛА АЛТЫНЫ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Кембридж университетінің Фицуильям мұражайында «Ұлы дала алтыны» көрмесі ашылып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары тапқан экспонаттар қойылды.
06.10.2021
Бас жүлде – ҚазҰУ-да 1 жыл тегін оқу гранты
Құрметті студент жастар!
Сіздерді ел Тәуелсізідігінің 30 жылдығы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін IX «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық студент жастардың шығармашылық байқауына қатысуға шақырамыз!
06.10.2021
Жастар конгресі кітап сыйлады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қазақстан жастарының конгресі белгілі қазақстандық саясаттанушы, шығыстанушы ғалым Сұлтан Әкімбековтің 322 кітабын сыйға тартты.
06.10.2021
Академик Бияров атындағы аудитория ашылды
Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар факультетінде қолданбалы математика және кибернетика саласындағы көрнекті ғалым, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Бияров Төлеухан Нұралдаұлы атындағы аудиторияның салтанатты ашылу рәсімі өтті.
05.10.2021
Гуманитарлық ғылымға жаңа көзқарас қажет
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев гуманитарлық факультеттердегі зиялы қауым өкілдері мен жас ғалымдарға жаңа міндет жүктеді.