Жаңалықтар

Жаңалықтар


5-қаз-21 «Таза көмір» жағуға жол ашатын жабдық

Еліміз көмір қорына өте бай әрі оны өндіру жағынан әлемде алдыңғы қатарда. Кейбір мәліметтерге қарағанда, көмір қоры қазіргі тұтыну деңгейін қоса есептегенде, 500 жылдан 1000 жылға дейін жетеді деген болжам бар. Демек, бүгінгі күні көмір энергетикасы үлесінің 85 пайызға жетуі аса таңданыс туғыза қоймасы анық. 


5-қаз-21 «Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мәселелері және оларды шешу жолдары»

6 қазан күні сағат 10:00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ғылым қоры» АҚ-мен бірлесіп онлайн форматта «Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында семинар өтеді. 


5-қаз-21 «QAZAQ UNIVERSITETI» ГАЗЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ НӨМІРІ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Құрметті оқырман!

«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №35 (1817) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.


4-қаз-21 Италия елшісі нақты нәтижелерді жоғары бағалады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасындағы Италия елшісі Марко Альбертимен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар ғылым және білім саласындағы екіжақты байланыстың жай-күйін талқылады, сонымен бірге Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестіктің негізгі міндеттерін ортаға салды.


4-қаз-21 Олимпиада чемпионы студенттермен кездесті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Токио-2020 олимпиадасының қола жүлдегері, дзюдошы Елдос Сметовпен кездесті. 


4-қаз-21 BAS LIGA-да бақ сынасты

Көңілді тапқырлар клубының жартылай финалында ҚазҰУ құрама командасы үздік шығып, финалға жолдама алды. КТК Халықаралық одағының BAS LIGA КТК ресми лигасының жартылай финалы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтті.


2-қаз-21 Ардагерлерге әлеуметтік көмек берілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде – Халықаралық қарттар күніне орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, қазыналы қарттар қауымына әлеуметтік көмек көрсетілді.

 


1-қаз-21 Ұстаздарға құрмет көрсетілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ұстаздар күнін ерекше атап өтіп, оқу орнының оқытушы-профессорларын айтулы мерекемен құттықтады.

 


1-қаз-21 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді жоспарға қол қойылды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы ректор Жансейіт Түймебаев Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Мұрат Ахметовпен кездесті.

 


1-қаз-21 Ұстаздар күні құтты болсын!

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары, әріптестер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!