- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев онлайн және офлайн форматта есептік кездесу өткізді. Ректор жоғары оқу орнының білім беру және ғылыми-зерттеу жұмысы, инфрақұрылымын жаңғырту және әлеуметтік мәселелері туралы баяндады. Сондай-ақ 2020/21 оқу жылындағы негізгі нәтижелерді талдап, көшбасшы университеттің алдағы даму жоспарын таныстырды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында заманауи асхана ашылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жақында Түркияның Стамбул қаласында өткен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жаһандану өркениетіндегі қазақ әлемі» атты қазақтардың Кіші құрылтайына қатысты.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «30 жылдыққа 30 апталық» бағдарламасы аясында БҰҰ-ның Алматыдағы Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі және Қазақстандағы Ақпараттық бюро жетекшісі Властимил Самек көшбасшылық дәріс оқыды. «Бейбітшілікті құру мен сақтаудағы қазіргі жастардың рөлі» тақырыбындағы дәріске оқытушылар мен білім алушылар офлайн және онлайн қатысты.

2021 жылы 30 қыркүйек күні сағат 11.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев онлайн режимде есептік кездесу өткізеді.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алматы қаласындағы мектептер мен жоғары оқу орындарына барды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Директорлар кеңесінің мүшесі Арманжан Байтасов пен Гүлмира Елеуова қонақта болып, кампусты дамыту жоспарымен танысты. Мәртебелі меймандар алдымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері мен ел тарихына қатысты құнды кітаптар қойылған көрмені тамашалады.

Ресей Федерациясы университеттерінің бір топ өкілі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ресми іс-сапармен келді. Кездесуде ынтымақтастық, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту және бірлескен жобаларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сапар барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Басқарма төрағасы – Ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев пен Калашников атындағы Ижевск мемлекеттік техникалық университеті ректорының міндетін атқарушы Александр Викторович Губерт кездесті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS Quacquarelli Symonds-Graduate Employability Rankings халықаралық рейтингінде өз позициясын нығайтып, 201-250 тобында бір сатыға көтеріліп, түлектерді жұмысқа орналастыруда көшбасшылар қатарына енді.

2021 ЖЫЛЫ 11 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШЕТЕЛДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНАН ЕЛІМІЗДІҢ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНЕ АУЫСТЫ