Жаңалықтар

Жаңалықтар


24.09.2021 Бішкек университетіне құнды кітаптар сыйлады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қ.Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университетіне аса құнды әдебиеттер жиынтығын сыйға тартты.


23.09.2021 «Сұңқардың» филиалы мектепте ашылды

Алматы облысы Іле ауданындағы №20 жалпы орта мектепте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының филиалы ашылды. Таяуда «Жас Сұңқар» атауымен құрылған ұйымның оқушылары универсиетімізге арнайы келіп, кәсіподақ мүшелерімен кездесті.


23.09.2021 «Болашақпен» 14 елде ізденісімді жалғастырдым

Елбасы Н.Ә.Назарбаев ел дамуының жарқын жолы ретінде маман дайындаудың сингапурлық үлгісін негізге ала отырып, «Болашақ» халықаралық стипендиясын жариялағанына да 28 жылдан асты. Ол өз сөзінде: «Болашақ» бағдарламасы – Қазақстанның бренді. Біз сонау 1993 жылдан бері қанша мың жастың шетелде білім алуына жағдай жасап, олардың заман талабына сай білікті маман болуына жол аштық. Бүгінде «Болашақ» стипендиясымен оқып келген түлектер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника салаларында жүздеген ғылыми әзірлемелер мен ірі жобаларды жүзеге асырып, зор жетістіктерге жетіп отыр», – деген болатын.


23.09.2021 Тәуелсіз елде еңбек ету – әрбір ұстаз үшін үлкен мәртебе

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2021 жылды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ретінде жариялады. 1991 жылы Қазақстан егемен ел атанды. Тәуелсіздік – кез келген елдің ең үлкен құндылығы. Тәуелсіздіктің арқасында еліміз емін-еркін дамиды деп нақты айтуымызға болады. Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың саралы басшылығымен елімізде көптеген ауқымды істер жүзеге асырылды. Шекарамызды шегелеп, іргемізді бекітіп, дүниежүзіне белгілі мемлекет болып, өз орнымызды таба білдік. Қазіргі таңда Қазақстан 140-тан астам мемлекетпен дипломатиялық тығыз байланыста.


22.09.2021 «ЕРТЕҢ...» ДЕГЕНДІ ҰНАТПАЙМЫН

Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА, «Экомед» адам репродукциясы

клиникалары желісінің ғылыми директоры, профессор:


22.09.2021 Жасанды бұйымға жол бермейтін голограмма

Бүгінде әлемдік ғылым мен техникада «сыни» бағыттар қалыптасты. Ол – микроэлектроника және микротехнология. Бұл бағыт ғылыми жаңалықтарға арқа сүйейтін өнеркәсіп салаларының бәсекеге қабілеттілігін айқындайды.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап микроөлшемдер ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз етуде басымдыққа ие болды. Қазіргі уақытта осы саладағы технологияның дамуы субмикрондық өлшемге жетіп, нано деңгейіне өтті. Ал осы «нанотехника» терминін 1974 жылы жапон ғалымы Н.Танигучи ұсынған болатын.


22.09.2021 «QAZAQ UNIVERSITETI» ГАЗЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ НӨМІРІ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Құрметті оқырман!

«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №34 (1816) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.


21.09.2021 КОМПАНИЯ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Директорлар кеңесінің мүшесі, білім ордасының 1990 жылғы түлегі, Astana Group компаниясының басшысы, Нұрлан Смағұловпен кездесті.


21.09.2021 Үздік жобалар өндіріске енеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев оқу орнындағы ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми-білім беру орталықтары мен зертханаларының директорларымен кездесу өткізді. Дөңгелек үстелде ғалымдар зерттеуі мен әзірлемесінің экономикалық тиімділік мәселелері талқыланды.


21.09.2021 Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында бірлескен семинар өткізді.