- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
08.09.2021
100 кітап сыйға тартылды
Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Сұңқар» студенттер және магистранттар кәсіподағы Тілдер мерекесіне орай «100 кітапты иелен!» атты акция өткізді. Тілдер апталығы аясында университет қалашығы аумағында өткізілген шараға студенттермен қатар, оқытушы-профессорлар да атсалысты.
08.09.2021
Дипломат дәріс оқыды
Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев белгілі мемлекет қайраткері, дипломат, ҚР Тұңғыш Президенті қорының Халықаралық бағдарламалар орталығының жетекшісі Қайрат Әбусейітовпен кездесті.
08.09.2021
«QAZAQ UNIVERSITETI» ГАЗЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ НӨМІРІ ЖАРЫҚ КӨРДІ
Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №32 (1814) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.
07.09.2021
Тіл мерекесіне көрме ашылды
Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тілдер апталығы аясында «Тіл – ұлттың жаны, әр халықтың байлығы» атты кітап көрмесі ашылды. Шараны Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай, Әл-Фараби кітапханасы ұйымдастырды.
06.09.2021
Ұлт ұстазына арналған апталық
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тілдер апталығы басталды. Қазақстан халқының тілдері күніне орайластырылған дәстүрлі шара биыл республикалық деңгейде ұйымдастырылып, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына арналып отыр.
06.09.2021
Венгрия университеттерімен ынтымақтастық артады
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Венгрияның Алматыдағы Бас консулы Ференц Блауманнмен кездесті.
06.09.2021
BIO жанармай жасайтын саңырауқұлақтар
Бүгінде көптеген елдер биоэтанолды жанармай ретінде пайдалануда. Ондағы басты мақсат – қоршаған ортаға көмірқышқыл газының бөлінуін төмендету. Экологиялық мәселенің өзектілігі артқан сайын, оған деген сұраныс та өсіп келеді. Markets&Markets агенттігінің болжамына сүйенсек, биоэтанол нарығы 2025 жылға қарай 64,8 млрд АҚШ долларына жетуі мүмкін.
04.09.2021
Әскери кафедраға ең мықтылар қабылданады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін жасақтауға қажетті мамандар резервін сапалы қалыптастыру мақсатында запастағы офицерлер мен сержанттарды оқыту үшін студенттерді қабылдау жүргізілуде.
03.09.2021 Жолдау жан-жақты сараланды
02.09.2021
ҚазҰУ студенті Токио Паралимпиадасында қола медаль алды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2-курс студенті Нұрдәулет Жұмағали Токиода өтіп жатқан жазғы паралимпиада ойындарында 100 метрге брасс әдісімен жүзуде қола медаль алды.