Жаңалықтар

Жаңалықтар


30-там-21 Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары, студенттері, магистрант, докторанттары!


Сіздерді 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!


29-там-21 Жалпыұлттық аза тұту күні

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтады.


28-там-21 ҚазҰУ - жыл университеті

Канаданың Халықаралық жетістіктерді зерттеу комитеті мен Шығыс Еуропа және Азия аймақтық орталығы (International Achievements Research Center) өткізген «Жыл университеті – 2021» халықаралық байқауының қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жеңімпаз деп танылды. Байқау директоры доктор Майкл Финнен жолдаған хатқа сәйкес, ҚазҰУ білім мен ғылымдағы үздік жетістіктері үшін «Басқару және көшбасшылық» аталымы бойынша халықаралық сертификатқа ие болды.


28-там-21 234 ҚазҰУ ғалымы 74,8 млн теңге сыйақы алды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары Scopus деректер базасының халықаралық рейтингтік басылымдарында жарияланған мақалалары үшін қаржылай сыйақымен марапатталды.


27-там-21 Ректор мемлекеттік тілде сөйлеуге міндеттеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кезекті Ғылыми кеңесінің отырысы мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне және жаңа оқу жылына дайындық мәселесіне арналды.


27-там-21 Арманжан Байтасов қарашаңырақта қонақта болды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Директорлар кеңесінің мүшесі Арманжан Байтасов қарашаңырақта қонақта болып, ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевпен кездесті.


27-там-21 АЛТЫ АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде өткен «Басты назарда» бағдарламасына қатысып, бірқатар сұрақтарға жауап берді. Әңгіме барысында жетекші университеттің соңғы алты ай ішіндегі қол жеткізген жетістіктері, атқарылған шаруалар, жаңа оқу жылына дайындық, оқу ғимараттары мен жатақханаларға жүргізіліп жатқан кешенді жөндеу, студенттер мен оқытушыларға жасалған жағдай, пандемия кезіндегі оқу процесі және тағы басқа мәселелер талқыланды.


26-там-21 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ вирусолог-мамандар тапшылығының мәселесін шешеді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтымен бірігіп, магистратура және PhD докторантура бағдарламалары бойынша вирусолог-мамандарды даярлайтын болады.


25-там-21 Індеттің таралуын тежеудің жалғыз жолы – екпе алу

Әлемді шарлаған COVID-19 індетіне қарсы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде екпе алудың қажеттілігіне байланысты бірқатар іс-шаралар қамтылды. Бұл індеттің таралуын тежеудің жалғыз жолы тек екпе алу екенін түсінген факультет декандары, декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері екпені толықтай алып, ОПҚ мен білім алушыларға үлгі боларлық қадам жасады.

 


25-там-21 КОНСТИТУЦИЯМЫЗБЕН МАҚТАНАМЫЗ

1995 жылдың 30 тамызынан бері біз Конституция күнін ұлы мереке ретінде мақтанышпен атап өтіп келеміз. 30 тамыз мемлекет өмірінде ерекше атаулы күн болып табылады. Бұдан 26 жыл бұрын Қазақстан халқы Республиканың мемлекеттік және қоғамдық құрылысының негізін қалаған мемлекеттің Ата заңы – ҚР Конституциясын қабылдады.