- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Жаз мезгілі көпшілік білім мекемелері үшін демалыс кезеңі. Алайда оқу процесінен бөлек, жаз айларын да маңызды ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар ұштастыруға әбден болады. Осы мақсатта «Дінтану және мәдениеттану» мамандығының 1-курс PhD докторанттары далалық зерттеу жұмыстарын өткізді. Далалық зерттеу докторанттардың ғылыми диссертация тақырыптарымен байланыстырылып ұйымдастырылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биотехнология кафедрасының ғалымдары өткен жылы «Вирусқа қарсы иммундық жүйені қалпына келтіруші пробиотикалық споралы интраназальді спрей» құрастырды. Осы ғылыми жаңалық авторларының бірі, биология және биотехнология факультеті Биотехнология кафедрасының меңгерушісі Аида Қыстаубаевамен кездесіп, әңгімеге тартқан едік.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті бакалавр білім беру бағдарламасы бойынша грантқа түскен талапкерлердің құжаттарын офлайн форматта «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында 25-тамызға дейін қабылдайды.
Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылыми кеңес пен ректорат отырысы өтті. Университет ұжымы онлайн бас қосқан жиынды ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ашып, күн тәртібінде жаңа оқу жылына дайындық шаралары қаралды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығы жаңа оқу жылы қарсаңында білім алушылармен онлайн жүздесті. Онда ҚР БҒМ тапсырмасымен жаңа маусымға дайындық барысы талқыланып, оқу үдерісі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа талаптарға сай жүргізілетіні түсіндірілді.

География және табиғатты пайдалану факультетінің Метеорология және гидрология кафедрасының студенттері «Нәтижелі арман» тақырыбында кураторлық сабақ өткізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының жетекші доценті Нұрмат Тұңғатаров 53 жасында өмірден өтті. Физика-математика ғылымдарының кандидаты Нұрмат Нұрғазыұлы өз ісіне берілген бірегей ұстаз болатын. Ол шыдамдылық, әділеттілік және табандылық секілді қасиеттерімен өзгелерге үлгі еді және Қазақ елі мен Отанының болашағы үшін жанын салып еңбек етті.
Ел тәуелсіздігінің баянды болуының бір тетігі мемлекетіміздің 30 жылдан бері жүргізіп келе жатқан этносаясатымен де байланысты. Осы уақыт аралығында әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдер қатарына қосылу мақсатында ҚР дамуының стратегиялық бағыттарын қалыптастырды. Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылуы мемлекеттің тұрақты дамуымен және өз кезегінде ел ішіндегі ұлтаралық бейбітшілікті қамтамасыз етуімен байланысты. Ал мұндай мақсатқа жету үшін қазақ қоғамының мемлекеттілігі мен саяси тұрақтылығының басты тұғыры – этносаралық үйлесімділік пен келісім.

Бүгінде интернет беттеріндегі ақпараттарға мониторинг жүргізетін жүйелер сұранысқа ие. Себебі билік те, бизнес те қоғамның өзіне деген көзқарасын білуге құштар. Университетіміздегі деректерді талдау және өңдеу орталығының мамандары Opinion monitoring system деп аталатын жоба жасап шығарды. Бұл жүйенің басты артықшылығы – қазақ тіліндегі деректерді өңдеуге қауқарлы.

Құрметті оқырман!
Университеттік «Qazaq universitetı» газетінің кезекті №30 (1812) саны жарық көрді.Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер»бөлімінен оқи аласыздар.
https://www.kaznu.kz/kz/3737/page/