- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
03.08.2021 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2020-2021 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үрдісінде босаған бос білім беру гранттарына үміткерлер тізімі
02.08.2021 ҚазҰУ-да екпе алғандар Ыстықкөлге барып қайтты
Қазіргі сәтте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлар құрамының 50 пайызы (1142), қызметкерлердің 44 пайызы (843), ал студенттердің 22 пайызы (4001) екпе алды. ЖОО-дағы студенттер арасында коронавирусқа қарсы вакцина алу акциясы аясында 100 студентке жатақханаға орналасу үшін 50 пайыз жеңілдік берілді.
30.07.2021 Екпе алған қызметкерлер мен студенттер Ыстықкөлге жолдама алды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 40-қа жуық оқытушы-қызметкерлері мен студенттерінен құралған алғашқы топ тегін жолдама алып, Ыстықкөл жағалауындағы спорттық-сауықтыру лагеріне аттанды.
29.07.2021 ҚАЗҰУ-ДА МАГИСТРАНТТАР МЕН ДОКТОРАНТТАРҒА МҮМКІНДІК МОЛ
Әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне трансформациялануға бағыт алған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде сапалы ғылыми кадр даярлау басты назарда. Қарашаңырақ жыл сайын QS, THE, ARES сияқты ең беделді халықаралық рейтингтерде алға шығып, зор ғылыми әлеуеті мен жоғары бәсекеге қабілеттілігін айқын дәлелдеп келеді.
25.07.2021 ҚазҰУ спортшыларын құттықтайды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев оқу орнының түлегі Елдос Сметов пен медицина факультетінің 1-курс студенті Игорь Сонды Токио Олимпиадасының қола жүлдесімен құттықтады.
24.07.2021 Докторантураға түсу ережесі өзгертілді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті докторантура бойынша онлайн және офлайн форматта құжат қабылдауды жалғастыруда.
23.07.2021 Ғани ОМАРОВ, археолог-ғалым: Археологияда ашылмаған нысандар көп
«Адам мамандық таңдағанда және өмірлік жар іздегенде қателеспеуі керек» деген сөз бар, бұл жағынан жолыңыз болған сияқты. Дегенмен алғаш өмір жолын бастағандағы таңдауыңыз құрылыс саласы болған екен.
22.07.2021 Жастар беті: Жаһандану жастар көзімен...
Жаһандану – күрделі ұғым. Оның әсері мемлекеттегі ұлттық руханияттан экономикаға дейінгі барлық саланы қамтуда. Сондықтан оның ауқымын таразылауда философиялық тұжырым жасаудың маңызы зор.
22.07.2021 Маңызды мезет: Болашақтың бастауы – цифрландыру
Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында «Цифрлық Қазақстан» ауқымды бағдарламасы жарияланды. Бұл – егемен ел болған отыз жылдағы жеткен ауқымды жетістіктеріміздің бірі. Өйткені цифрландыру Қазақстан үшін маңызды экономикалық секторды жетілдіруде серпінді даму үшін кең мүмкіндіктерге жол ашады.
21.07.2021 Жаңа жағдайға бейімделген Jinalys Room
Коронавирус өмір салтымызға өзгеше заңдылықтар енгізді. Осыған байланысты экономиканың барлық салалары үшін бейнеконференциялық байланыс қызметтеріне қажеттілік туындады. Статистикаға сүйенсек, 2020 жылы күнделікті бейнеконференциялық байланыс трафигі 535 пайызға өскен. Қазіргі таңда бейнеконференциялар жай ғана қосымша жаңалық емес, маңызды бизнес-құралға айналды.