Жаңалықтар

Жаңалықтар


14.06.2021 Ғалымдар еңбегін жариялау жолға қойылады

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма басшысы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Эльзивер (Elsevier) компаниясының Орталық Азия мен Әзірбайжан бойынша аймақтық басшысы Дамир Рахметовті қабылдады. Әңгіме барысында өзара ынтымақтастықтың жаңа міндеттері талқыланды.  


14.06.2021 Маңызды мезет: Қоғамда рухани ізденіс күшейді

Оксфорд, Кембридж сынды әлемнің үздік оқу орындарына қазақстандық азаматтардың түсуіне осы тәуелсіздіктен кейін кең жол ашылды. «Білім-инновация» лицейлері, Назарбаев зияткерлік мектептері, Республикалық физика-математика мектебі секілді айтулы білім ошақтарының жетістіктерін көрген сайын тәуелсіз ел ретінде болашаққа деген үміт пен сенім күшейе түседі.


14.06.2021 Инновация: Цифрлық теміржол моделі

Географиялық ақпараттық жүйелер – бұл көптеген салаларда, соның ішінде көлік қатынасында тиімді ақпараттық технология. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Жерді қашықтықтан зондтау орталығының директоры Бақыт Сахариевтің айтуынша, көлік инфрақұрылымына қызмет көрсететін мамандарға және тасымалдаушылар мен жолаушыларға көлік желілері мен объектілері туралы ақпарат қажет. 


14.06.2021 Алтын Орда – алып империя

Жеті ғасыр өтті. 750 жыл тарих қойнауында қалды. Ұлық ұлыстың ұрпақтары ретінде бұрынғы тарихқа бүгінгі көзқараспен қайта қарауды жөн санап отырмыз.  Осы мақсатта Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Берекет Кәрібаевпен сұхбаттасқан едік. Ғалым Алтын Орданың сол кездегі мемлекеттік құрылымдарға алып келген өзгерістері, қазақ тарихындағы алатын орны туралы пікірімен бөлісті.


14.06.2021 Ажар ЖҰБАНОВА, академик: Таңдауым нәтижесіз болған жоқ

Ажар Ахметқызы Жұбанова – жаратылыстану ғылымдарының Қазақ ұлттық академиясының академигі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Биотехнология кафедрасының профессоры.


12.06.2021 Ғылыми жобаларды қаржыландыру қарастырылады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ғылым қорының Басқарма төрағасы А.Орсариевпен кездесті. Тараптар ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған ұзақмерзімді ынтымақтастықтың тиімді бағыттарын талқылады.


10.06.2021 Экологиялық білімнің өзектілігі артып келеді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Шараны БҰҰ-ның Қазақстандағы ақпараттық кеңсесінің қолдауымен университеттің Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институты ұйымдастырды. Ашық диалогқа белгілі қоғам қайраткерлері, экологтар, ғалымдар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы сарапшылар, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.


10.06.2021 Түркиямен ынтымақтастық нығаяды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы - Ректоры Жансейіт Түймебаев Түркия Республикасының Қазақстандағы Бас консулы Али Риза Акынжымен жүздесті.


10.06.2021 Ректор Универсиада жеңімпаздарына алғыс білдірді

Жастық жігер, күш-қуат, күрес. Студенттік аудиториядан стадионға ұмтылған жастар XI жазғы универсиадада бақ сынасты. Шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған еді. Биылғы спорттық шара «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» деген атаумен өткізілді.


10.06.2021 «Жан досым» – мүмкіндіктер бастауы

Жақында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің спорт кешенінде «Жан досым» заманауи теннис орталығы ашылғанын хабарлаған болатынбыз. Әсем табиғат құшағындағы нысанның кәсіби спортшылардың ғана емес, жастар мен қала тұрғындарының спортпен тұрақты шұғылданатын сүйікті мекеніне айналары даусыз. Осы орайда, «Жан досым» теннис клубының президенті Есет Ешпановпен болған сұхбатты ұсынамыз.