- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев «Қазмұнайгаз инжиниринг» институтының бас директоры Бақытжан Хасанов пен кеңесшісі Жақсыбек Құлекеевті қабылдады.

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік 2021 жылғы үздік көпсалалы жоғары оқу орындарын анықтады. Бұл рейтингте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің көпсалалы оқу орны арасында кезекті рет көш бастады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Ж.Қ.Түймебаев Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында онлайн режимде брифинг өткізді.

2 маусым күні сағат 16.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Ж.Қ.Түймебаев Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн режімде брифинг өткізеді.

Еліміздің жоғары білім ордаларының қарашаңырағы – Қазақ ұлттық университетіне ризашылығымды білдіре отырып, ұстаздарым мен ғылыми жетекшілеріме алғысым шексіз екенін айтқым келеді.

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма басшысы – Ректоры Жансейіт Түймебаев БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори ханымды қабылдады.

1 маусым күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасы және ҚазҰУ қызметкерлері «Парасат» кәсіподағының ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтілді. «Балалық шақ мейрамы» аталған мерекелік шараларды «Парасат» кәсіподағының төрағасы Талғат Мекебаев пен әскери кафедра басшысы полковник Олег Ажимов ашты.

Университетіміз кез келген салада инновацияның әлеуетін пайдалана отырып жаңа жобаларды жүзеге асырып келеді. Солардың арасынан TOURISMKAZ мобильді қосымшасын ерекше атап көрсетуге болады. Туристерге де, туристік қызмет көрсетушілерге де тиімді бұл платформа – еліміздегі тұңғыш цифрлық сауда алаңы. Қосымшаның қыр-сырын білу мақсатында жоба жетекшісі Әлия Ақтымбаеваны сөзге тарттық.

«Қазақ университеті» газетінің кезекті №22 (1804) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Мемлекеттің заманға сай дамуы экономикалық және саяси жағдайымен ғана емес, мәдени тәжірибесімен де танылады. Осы орайда ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әкімшіл-әміршіл жүйенің қыспағына ұшырап, жазықсыз жапа шеккен ел азаматтарының есімін естен шығармағанымыз абзал.