- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Еліміздің жетекші оқу орны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Дүниежүзілік мәдени әртүрлілік күніне арналған «Жаңа Жібек Жолы – БҰҰ Моделі» халықаралық конференциясы өтті.«Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша ұлттық бастамалар» атауымен өткен ауқымды шара БҰҰ ақпараттық бюросы мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің қолдауымен жүзеге асты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Алла – Диордың шығыс маржаны» деректі фильмінің бас продюсері, экономика ғылымдарының докторы, дипломат Берлин Иришевтің «ДИОР музасы. Алла Елшіннің ашылмаған жұмбағы» (L’Enigme d’ALLA. Muse de DIOR) кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Мәскеу ислам институтының ректоры, Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Дамир Мухетдиновпен кездесті. Әңгіме барысында тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен серіктестік бағыттарын талқылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғалымдар ағзаны пайдалы дәрумендер және микроэлементтермен қанықтыра отырып, денсаулықты нығайтатын бірегей биологиялық белсенді қоспалар әзірлеуді жан-жақты жүзеге асырып келеді. Биология және биотехнология саласының мамандары жасап шығарған өнім микробалдырлар негізінде алынып отыр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғылымның жаңа бағыты өмірге жолдама алады. Азиялық зерттеулер институтында профессор Герман Кимнің басшылығымен ғылымның жаңа саласы – диаспорологияны дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Зоология институты және Алматы қорығының зерттеушілері Солтүстік Тянь-Шаньға экспедицияға шығып, әлемдік ғылыми қауымдастыққа үлкен құндылығы бар ерекше материалдарды ұсынды. Жобаға Францияның кинорежиссерлері қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Түркі академиясының ұйымдастыруымен белгілі түрколог, қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі, профессор Жанұзақ Телғожаның 95 жылдық мерейтойына орай ғылыми конференция өтті. «Ғалым Телғожа Жанұзақ және ономастика мәселелері» атауымен өткен шарада «Қазақ ономастикасы» атты 5 томдық еңбектің тұсауы кесіліп, қалың оқырманға жол тартты.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ковидке қарсы отандық екпе құжаттарын дайындау және халықаралық сертификациялауға үлес қосқан бірқатар ғалымдар марапатталды.

«Қазақ университеті» газетінің кезекті №20 (1802) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың төл басылымы – «Қазақ университеті» газетінің тарихы 1948 жылдан басталады. Газеттің негізгі бағыты – университеттегі басты жаңалықтармен, қоғамдық-саяси, тәлім-тәрбиелік маңызы бар іс-шаралармен, оқу-әдістемелік жұмыстармен білім ордасының қызметкерлерін, ұстаздар мен студенттерді таныстырып отыру.