- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевты қабылдады.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қабырғасында көрнекті саяси және қоғам қайраткері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі Мұхамеджан Тынышбаевтың ұлы – ғалым, Башқұртстан Республикасының ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қайраткері Дәулет Шейх-Әли-Тынышбаевпен кездесу өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде нейробиология саласында әлемге танымал ғалым, Шеффилд университетінің (Ұлыбритания) профессоры Базбек Дәулетовтің қатысуымен «Нейроғылымның қазіргі заманғы мәселелері» атты онлайн дөңгелек үстел өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Олимпиада Чемпионы Дмитрий Баландинмен жүздесті.

Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде жастардың жан-жақты білім алып, заман талабына лайық кәсіби маман ретінде қалыптасуына айрықша көңіл бөлді. Жастармен кезекті жүздесулерінің бірінде «Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында да алғашқы табысты жобалар пайда бола бастады. Осы тәжірибені өрістете түсу керек» деп, тиісті орындарға жүктеген тапсырмасы әлі күнге өзектілігін жоғалта қойған жоқ.

Қазақ елі тәуелсіздік алған алғашқы сәтте Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біздің бұл дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан. Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз», – деп, әрбір азаматтың алдына нақты міндеттер қойған болатын.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев әлемге танымал нейробиолог-ғалым, Шеффилд университетінің (Ұлыбритания) профессоры Базбек Дәулетовпен кездесті.
Әңгіме барысында ғылыми ынтымақтастықты орнату, өзара байланысты нығайту мәселелері талқыланды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде О.Сүлейменовтің 85 жылдығына орай әуесқойлар арасында жағажай волейболынан өткен халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

Тарихи жады мен ұрпақ сабақтастығын сақтау үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне үлкен көңіл бөледі. Аға ұрпақ өкілдеріне деген құрмет және оларға қамқорлық қоғамның тұрақты дамуының кепілі. Жеңіс күніне орай университетте «Ардагерлерге құрмет» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары, студенттері, магистрант, докторанттары!
Сіздерді 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!