- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде І Кенжалин оқулары аясында «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үдерістер: БАҚ менеджменті мен маркетингі және PR» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті. Ғылыми басқосуға қоғам және мемлекет қайраткерлері, шетелдік және отандық ғалымдар, БАҚ басшылары мен тілшілері, оқытушылар мен білімгерлер қатысты.

Жыл сайын сәуір айында ҚазҰУ журналисика факультетінде жас тілшілер шығармашылық бағын сынайтын Жас тілшілер форумы өтеді. Бұл – бала арманын кәсіби мақсатына жетелейтін, жас өрендер жыл сайын асыға күтетін ерекше шара. ҚазҰУ журналистика факультеті бұл шараны биыл елу алтыншы рет ұйымдастырып отыр.

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылыми кеңес отырысы онлайн форматта өтті. Жиында алдымен 2021-2022 оқу жылына арналған білім беру бағдарламалары талқыланды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлеген Қожамқұловтың 75 жылдық мерейтойы өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма басшысы – Ректоры Жансейіт Түймебаевтың Төлеген Қожамқұловтың 75 жылдығына орай "Егемен Қазақстан" газетінде шыққан мақаласы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Times Higher Education University Impact Rankings-2021 рейтингінде ең үздік, әрі осындай межеге жеткен жалғыз қазақстандық ЖОО деп танылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма басшысы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Халықаралық түркі академиясының ұйымдастыруымен өткен «Ә.Тенишев. Түркі тіл білімінің сардары» атты халықаралық онлайн-конференцияда баяндама жасады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Селим Хазбиевичпен кездесті. Келіссөз барысында тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен серіктестік мәселелерін талқылады.

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушы-ғалымдардың тәжірибе алмасуына арналған жазғы мектеп өз жұмысын бастады.
Erasmus SMARTCITY: «Ақылды қалалар технологиясының магистрлік бағдарламасына инновациялық тәсіл» жобасы аясындағы шараға Қазақстан, Германия, Греция, Болгария, Латвия, Ресей, Моңғолия елдерінің беделді профессорлары қатысуда.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы - Ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай "Ана тілі" газетінде жарияланған мақаласы.
Ұлы Даламызда ұлттық сөздің туын көтерген тұлғалар аз болған жоқ. Арғы кезеңнен жеткен жыраулық сарын мен ақындық айдынды екі қоғамдық формацияның кезеңінде ара жігін білдірмей, сөз жүйесін бүлдірмей, түгел сөздің түбі бір қасиетін барынша көрсеткен ұлы жырау-ақын Жамбылдың даңқы қазақ халқының мерейі мен мәртебесі болды. Сыналар жерге келгенде санадан сөз суырып, елдің еңсесін, тыңдаушының танымын биікке көтерген Жамбылдың әр кезеңдегі мерейтойлары халықтық қазына ретінде аталып келеді. Ұрпақтар сабақтастығын ұлы өнерімен жалғаған жыраудың соңында қалдырған мол мұрасы қай кезде де ұлтымыздың рухани қазынасы екені даусыз. Сондықтан Жамбыл туралы сөз – қазақ сөзінің қасиеті туралы сөз.
Тәуелсіздігіміздің салтанатты 30 жылдық мерекесі қарсаңында аталып өтер үлкен игі-шараның бірі – жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы. Жыр дүлдүлі Жамбыл Жабаевқа деген қазақ халқының шексіз құрметін, ыстық ықыласы мен ілтипатын тәуелсіздік идеясы тұрғысынан қайта сараптап, зерделеудің уақыты келді. Ақын қалдырған атақты әдеби мұралардың алтын арқауын саралағанда олардың өн бойынан азаттық ойдың ұшқыны айқын көрінеді.