- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кітапханасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай, еліміздің Әнұраны, Елтаңбасы мен Туына арналған әдебиеттер мен мақалалар және олардың авторларының еңбектері туралы библиографиялық тізім дайындады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Мемлекеттік Рәміздер күні аталып өтті.

Ұлттық рәміздер мерекесінде Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Елтаңба авторы Шот-Аман Уəлихановтың Елтаңба тарихы туралы естелігін назарларыңызға ұсынамыз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер және жастар тәрбиесі» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өтті.

Құрметті Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары,
білім алушы жастары!


Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, экономика ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Көпжасар Нәрібаевтың құрметіне орнатылған мемориалдық тақта ашылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-журналист Уәлихан Қалижанның 75 жылдық мерейтойына арналған «Қаламгер, қайраткер, саясаткер» атты салтанатты жиын өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевпен кездесу өткізді. Жүздесу барысында ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен ҚазҰУ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тұрақты дамудың барлық 17 мақсаты (ТДМ) бойынша Times Higher Education University Іmpact Rankings 2023 рейтингіне енген қазақстандық ЖОО-лар арасында көшбасшы университеттердің бірі.