- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстанның тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Халқымыз ұлы күнге балаған, жыл басы санаған жасампаз Наурыз – бірлік пен мереке мейрамы. Қайта жаңарған Наурыздың тарихы – біздің тәуелсіздігіміздің тарихы! Біз көне тарихымыздан күш-қуат алып, тәуелсіздік туралы өз арманымызды жүзеге асыра алдық» деп айтулы күнге айрықша баға берген еді.

GreenCampus бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «метеорология» мамандығының студенттеріне арналған табиғатты аялау, құрмет сезімін қалыптастыру және табиғаттағы деструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында танымал қазақстандық саяхатшы Мағжан Сағымбаевпен онлайн-кездесуі ұйымдастырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры студенттер мен магистранттар арасында «Абай әлемі» ғылыми байқауын екінші рет ұйымдастырып отыр.

Quacquarelli Symonds (QS) беделді халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары баға алып, «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингісінде «Бес жұлдыз» жоғары марапатына ие болды. ҚазҰУ – «Бес жұлдыз» марапатына ие болған Орталық Азия аймағындағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Саналы ұрпақ» студенттер клубы «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» жобасы аясында тәлімгер жастар арасында республикалық шығармашылық конкурс ұйымдастырды.

Жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлық құрамын ынталандыру, көтермелеу мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі жыл сайын ұйымдастыратын «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2020» конкурсының жеңімпаздары анықталды. Марапаттау рәсімі карантиндік шараларды сақтау талаптарына сай «ZOOM» жүйесінде өтті. Шараға ҚР Білім және ғылым министрі, жоғары оқу орындарының басшылары мен ұстаздары қатысты.

Алматыда жыл сайын өткізілетін республикалық жапон тілінің шешендік өнер сайысы өткізіліп, оған Қазақстан ЖОО 16 үздік студенті қатысып бақ сынасты. Көктемнің алғашқы айына арналған дәстүрлі тілдік сайыс Жапония мен Қазақстан арасындағы тығыз дипломатиялық, достық, өзара ынмақтастық қарым-қатынастың бір айғағы іспеттес.

Өткен жылы гранттық қаржыландырудың жаңа түрлері енгізілді, оның ішінде шағын және халықаралық коллаборация бойынша гранттар бар, деп хабарлайды Egemen.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚазҰУ ректоры Ж.Қ.Түймебаев «Екінші Ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидың Ислам өркениетіне қосқан үлесі» атты Қазақ-Мысыр ғылыми-тәжірибелік конференциясына онлайн қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасы мен Түркия Республикасының Алматыдағы бас консулдығы жанындағы Түркия Республикасы білім министрлігіне қарасты білім елшілігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15 наурызында жыл сайын өтетін дәстүрлі “Түрік тілі және мәдениеті” апталығының ашылу салтанаты өтті.