- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
14.03.2021 Наурыз мейрамы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурыз мейрамын мерекелеу тұжырымдамасын әзірлеуді және көктемгі мерекенің мазмұнын байытуды тапсырды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 14-23 наурыз аралығында жоо-да өтетін Наурыз-мейрамын кең ауқымды мерекелеудің бірегей тұжырымдамасын ұсынды.
13.03.2021 Білім және ғылым министрі ҚазҰУ-дың инновациялық көрмесін тамашалады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жұмыс сапарымен келіп, білім ордасының қызметімен және жас ғалымдардың жетістіктеріне арналған ІТ-стартаптар мен инновациялық жобалар көрмесімен танысты.
12.03.2021 ҚазҰУ жаһандық рейтингін көтеруге мүдделі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы сапармен келген Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша QS аймақтық директоры Сергей Христолюбов Басқарма төрағасы-ректор Жансейіт Түймебаевпен кездесіп, алдағы уақыттағы ынтымақтастық бағыттарды талқылады.
11.03.2021 ҚазҰУ ректоры БҰҰ өкілімен кездесті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ КеАҚ Басқарма төрағасы – ректор Жансейт Түймебаев БҰҰ Ғаламдық коммуникация департаментінің Қазақстандағы өкілі Властимил Самекпен кездесіп, БҰҰ-ның Қазақстандағы құрылымдарының «Академиялық ықпал» Ғаламдық хаб (UNAI) бағдарламасы бойынша өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
11.03.2021 Ядролық физика институты жанынан ҚазҰУ-дың филиалы ашылады
Қазіргі заман көшінен қалмау үшін отандық ғылым мен білімде білгірлік таныту қашанда қажеттілік саналады. Осы білім мен ғылым саласының даму бағыттарын одан әрі жетілдіру мақсатында ҚазҰУ КЕАҚ Басқарма төрағасы-ректор Жансейіт Түймебаев ҚР Энергетика министрлігінің Ядролық физика институтының өкілдерімен кездесті.
10.03.2021 Уэйн, Кембридж университеттерінің ғалымдары ҚазҰУ-да сабақ береді
АҚШ-тың Уейн университетінің профессоры, математик ғалым Уалбай Өмірбаев пен Ұлыбританиядағы Кембридж университетінің профессоры, нейробиолог Базбек Дәулетов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да дәріс оқуға келісімін берді.
10.03.2021 Мухаммад Али Жинна орталығы қайта жаңартылды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде Мухаммад Али Жинна атындағы орталық 2019 жылдың 9 шілдесінде KAZ-PAK ассоциациясының қаржылық қолдауымен салтанатты түрде ашылған болатын. 2021 жылғы 10 наурызда Мухаммад Али Жинна атындағы орталық Пәкістан Ислам Республикасының тікелей қолдауымен заманауи инновациялық форматта техникалық әрі оқу материалдарымен толықтырылып қайта жаңартылды.
10.03.2021 ҚР Білім және ғылым министрлігі байқау жариялады
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - ҚР БҒМ) Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:
- Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;
- Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
- Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
- Өмір және денсаулық туралы ғылым;
- Энергетика және машина жасау;
- Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
- Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
- Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамандырылған ғылым бойынша 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.
09.03.2021 «АИТВ-инфекциясының алдын-алу» атты онлайн-кездесу өтті
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында студенттер арасында салауатты өмір салтын ұстану, нашақорлыққа қарсы деструктивті мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру үшін Алматы қаласындағы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының әлеуметтік дәрігері Үсенул Мадина, ҚазҰУ студенттерімен «АИТВ-инфекциясының алдын-алу» тақырыбында онлайн-кездесу өткізді.
09.03.2021 Дәстүрлі "Барманқұлов оқулары"
Журналистика факультетінде Қазақстандағы телерадио журналистиканың негізін салушы, ұлттық телерадио хабарларын таратуға өлшеусіз үлес қосқан, қазақстандық журналисттердің көптеген буынын тәрбиелеген ғалым, профессор Марат Барманқұловты еске алуға арналған «ХХІ ғасырдың жаңа медиа-ландшафты» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті.