- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
01.03.2021
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 1-Наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
«Алты алаштың игі-жақсысы бас қосса, төрдегі орын ұстаздыкі» деп ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, ұрпақ тәрбиесінде оқытушы-тәлімгерлердің атқарар рөлі ерекше.
Әсіресе, пандемияға қарсы күресте қашықтықтан білім беру жүйесіне ерекше назар аударылып, барлық мұғалімдерге маңызды міндеттер жүктелді.
Осынау сындарлы сәтте өз кәсіптеріңізге адалдық танытып, жаңа жұмыс тәсілінде табандылық көрсеткендеріңіз үшін Сіздерге айрықша алғыс айтамын!
ҚазҰУ-да сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) ресертификаттау аудиті сәтті өтті. Аудиттің мақсаты – университет СМЖ-нің ISO 9001:2015 халықаралық стандарттары талаптарына сәйкестігін тексеруге бағытталған. Ресертификаттау аудитін «Русский Регистр» сертификаттау қауымдастығының аудиторлары жүргізді.
26.02.2021
Ғұлама ғалым, көрнекті қайраткер
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1970-1986 жылдардағы ректоры, Инженерлік академияның және Механика-математика институтының негізін қалаған мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Жолдасбеков жайлы сөз қозғағанда көз көргендер мен үзеңгілестері ең әуелі оның еңбекқорлығын алға тартып, «істің адамы еді» дейді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1970-1986 жылдардағы ректоры, Инженерлік академияның және механика-математика институтының негізін қалаған мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Жолдасбеков жайлы сөз қозғағанда көз көргендер мен үзеңгілестері ең әуелі оның еңбекқорлығын алға тартып, «істің адамы еді» дейді. Бүгінде 90 жылдық мерейтойы аталып өтіп отырған, халқына қалтқысыз қызмет еткен көрнекті академиктің Қазақстан ғылымы мен біліміне, ұрпақ тәрбиесі мен ұлт болашағына сіңірген зор үлесін атап өтіп, төрткүл дүниені түгел мойындатқан ғылыми жетістіктерін мақтан етеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қазақ әдебиетінің классик ақынының 175 жылдығына арналған «Жамбыл Жабаев мұрасының қазіргі әдебиеттанудағы орны мен маңызы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн-конференция өтті. Жиын барысында ақын шығармашылығының аспектілері әлемдік әдебиет контексінде қарастырылды.
24.02.2021
ҚазҰУ -да жаңа коммерцияландыру орталығы құрылады
«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ Басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев механика-математика факульттетінің жағдайымен танысу барысында барлық ғылыми-зеттеу жобаларды жетілдіру мақсатында университетте жаңа коммерцияландыру орталығы құрылатынын айтты.
22.02.2021
ҚазҰУ журналдары - Web of Science базасында
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршы сериялары Web of Science платформасындағы «Ресейлік ғылыми дәйексөздер индексіне» енгізілді және қазір Web of Science базасы университеттің 7 журналын индекстейді. Бұл Қазақстан университеттері мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады.
22.02.2021
Киберпедагогика заман талабы
«Киберпедагогика роботтарға емес, сізге қатысты!» деген атаумен Бельгияның білім кеңесі ұйымдастырған алғашқы шеберлік сыныбы басталды. ҚазҰУ аталған елдегі «Киберпедагог» халықаралық білім беру қозғалысының серіктесіне айналды.
22.02.2021
Танымдық қысқы мектеп
Әлемдегі үздік жоғары оқу орындары қатарынан лайықты орын алуға бағытталған саясат шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Иран Ислам Республикасының Алламе Табатабаи университеті арасында жасалған меморандум аясында Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында ирандық университет студенттеріне арналған «Орталық Азия тарихы: тілі мен мәдениеті. Аймақтану» атты тақырыпта қысқы мектеп курсы ұйымдастырылды.
20.02.2021
Оқу үрдісі басты орында болу қажет
ҚазҰУ КЕАҚ Басқарма төрағасы-ректор Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен өткен алғашқы ректорат мәжілісінде университет проректорлары 2021 жылдағы жоғары оқу орнының даму бағыттары бойынша баяндама жасады.