- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

«әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректор Жансейт Түймебаев Қазақстандағы Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Дидье Канеспен кездесіп, ғылым-білім және мәдени бағыттар бойынша өзара ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады.

Журналистика факультетіне «Qazaq Radiosy» 100 жылдығына және Дүниежүзілік радио күніне орай «Әрбір тұрғынға және бүкіл халыққа қолжетімді радио: COVID-19 пандемиясымен күресте» атты тақырыбында VІІІ Қысқы халықаралық журналистика және коммуникация мектебі онлайн-форматта өтті. Іс-шара әлемнің жеті елінің қатысушысын біріктірді.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаевпен өткен кездесуде алдыңғы буын оқытушы-профессорлар оқу ордасын дамытудың өзекті мәселелерін ортаға салып, ой-пікірлерімен бөліскен еді.
Жиын барысында оқу процесін жетілдіру, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту, зертханалар мен ғылыми орталықтарды заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету сияқты төмендегідей бірқатар ұсыныстар талқыланды.

Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкерлері студенттермен кездесті.

«Бизнес-технологиялар» кафедрасы DAMU Logistics қызметкерлерімен бірлесіп «логистика» мамандығының 1-4 курс студенттерімен онлайн кездесу өткізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің "механика" мамандығының 4-курс студенттері «Республикалық физика-математика мектебінде» педагогикалық практикадан өтті.

Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультетінің механика кафедрасына Академик Ө.А. Жолдасбековтың «Теориялық механика есептер жинағы» атты 64 оқу құралын сыйға тартты.

15 ақпан – Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күні. Осыған орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында онлайн-режимде ерлік сабағы өтті.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің Үйлестірушісі болып белгіленді.

Білім қоғамдары мүддесінде жасанды интеллект пен озық акт басқару бойынша Орталық Азия конференциясына ақпараттық технологиялар факультетінің жасанды интеллект және Big data кафедрасының меңгерушісі Мансурова Мадина қатысты.