- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев университеттің алдыңғы буын оқытушы-профессорларымен кездесіп, жоғары оқу өзекті мәселелерін талқылады.

ҚазҰУ Басқарма төрағасы-ректор Жансейіт Түймебаев бүгін оқу ордасындағы барлық қызметкерлердің жалақысын 20 пайызға өсіру туралы бұйрыққа қол қойды.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымына университеттің жаңа басшысы Жансейіт Түймебаевты таныстырды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ математика және механика ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD докторы, механика кафедрасының доценті Беляев Ержан Келесұлы, сараптама комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Постдок» ғылыми гранттары байқауының жеңімпазы атанды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми кеңесінің отырысында жоғары мектептің топ-менеджері және белгілі ғалым Ғалым Мұтановтың басшылығымен он жылдық кезеңдегі университет қызметінің қорытындылары туралы есебі өтті. Осы жылдар ішінде ҚазҰУ-дың дамуы ҚР Президентінің әлемнің үздік топ-200 университеттерінің қатаруына кіруі бойынша қойған басты мақсатымен байланысты болды.
Филология және әлем тілдері факультетінің 2 курс студентерінің ұйымдастыруымен Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрының актері Әсет Иманғалимен «Тіл-тірегіміз, көкірегіміз жүрегіміз» атты кездесу өтті.

YouTube интернет-ресурсында белгісіз тұлға Рокки 2 лақап атымен ҚазҰУ басшылығына қатысты кезекті бейне хабарлама жариялады. Материал бірбеткейлі, ашық жала жабу үрдісінде жазылып, онда келтірілген деректер мен оқиғалар бұрмаланып қана қоймай, мақсатты түрде қасақана жалған ақпарат келтірілген. Оның үстіне авторлар университетте жұмыс жасайтын адамдарды ашық түрде қорлап, олардың ар-ожданы мен қадір-қасиетін аяққа таптаудан еш тартынбаған.

ҚазҰУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінің жасанды интеллект және Big Data кафедрасының аға оқытушысы Мұрат Құнелбаев Cogent Engineering (Q2, Taylor&Francis, Ұлыбритания) журналының шешімі бойынша «Үздік рецензент – 2020» атағын иеленді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының студенттеріне Халықаралық түркі ұйымы (ТҮРКСОЙ) атынан игі дәстүрге айналған шәкіртақы арнайы табыс етілді.