- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алғашқы жаппай ашық онлайн курсы – Methods of molecular biology 2021 жылдың 2 қаңтарында онлайн білім беру саласындағы әлемдік көшбасшы-Coursera халықаралық білім беру платформасында жарияланды.

Тайландтың ірі мемлекеттік жоғары оқу орнында «Chulalongkorn University» гибридті (онлайн және оффлайн) форматта «әл-Фарабидің қазіргі әлемге қосқан үлесі» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да белгілі ғалым, ф.-ғ.д., механика-математика факультеті механика кафедрасының профессоры Айдархан Жүсіпбекұлы Қалтаевтың 70 жылдығы мен ғылыми педагогикалық еңбегінің 45 жылдығына арналған «Қолданбалы математика және механика» атты халықаралық онлайн конференция өтті.

Бұл сыйлық ҚР БҒМ Ғылым комитетінің байқауы аясында өткізіледі және ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан жас ғалымдарды ынталандыру мақсатында жыл сайын беріледі.

ҚР Президенті әкімшілігінің Алматы резиденциясында ҚР азаматтарымен кездесу өтіп, оларға ҚР Президентінің атынан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай наградалар табыс етілді. Марапатталғандардың қатарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Жүсіп Сүлейменұлы Сүлейменов болды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ. к. Р. К. Манатбаев «Аssyltas»-2021 қорының өткізген байқауының «Ғылым» номинациясы бойынша жеңімпазы болып атанды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен биыл энциклопедист-ғалым, ұлы ойшыл, адамзаттың екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы қаулы жарияланып, оны дайындау мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Қабылданған жоспар бойынша халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейлерде сан алуан іс-шаралар өтті.

«Күншығыс елінде» алғашқы әл-Фараби орталығының ашылуы Ұлы ойшыл әл-Фарабидің 1150-жылдығын мерекелеу аясында Жапония мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуда маңызды оқиға болды. Салтанатты рәсім ҚР-ның Жапониядағы Елшілігінің қолдауымен ең беделді жоғары оқу орындарының бірі – Цукуба университетінде өтті.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ҚазҰУ-дың бірқатар оқытушы-профессорлар құрамына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Ерен еңбегі үшін» жоғары мемлекеттік марапатын табыстады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасының ұжымы ұлы ғалым және ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің мерейтойына орай тоқайластырылған «Қайырымды коғам» челленджін жалғастырды.