- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Жыл сайынғы дәстүрлі «Мамандық үздігі 2020» байқауы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ең талантты, адал, креативті және жауапты қызметкерлерін анықтады. Биыл мамандық бойынша үздіктер онлайн-дауыс беру арқылы анықталды. Бөлімшелерге өз үміткері туралы оның жетістіктері туралы бейнеролик түсіру ұсынылды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай әскери кафедраның оқытушылары мен студенттері «Біздің тарих» патриоттық акциясын және зияткерлік викторинасын өткізді. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектебі оқушыларының командасы иеленді

ҚазҰУ-да «Жоғары медицина мектебі», медицина және денсаулық сақтау факультеті және Neuroscience неврологтарының Қазақстандық Ұлттық қауымдастығымен бірлесе отырып, «Қазіргі әлемдегі жүйке жүйесінің аурулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында «Тәжірибеден жобаға» онлайн форматындағы І Халықаралық студенттердің ғылыми конференциясы өтті.

Биыл бүкіл әлемде көрнекті ойшыл Әбу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығы аталып өтуде. Посткеңестік кеңістіктің көрнекті фарабитанушылары отандық фарабитанудың қалыптасуына үлкен үлес қосты. 2020 жылдың 9 -12 желтоқсан аралығында әл-Фараби орталығы олардың қызметіне арналған бірқатар вебинарлар өткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес-технологиялар» кафедрасы «Логистика» мамандығы бойынша «Логистика мен маркетингтегі цифрлық технологиялар» тақырыбында V халықаралық студенттік сырттай олимпиадасын өткізді.

Сауд Арабиясындағы Қазақстан Елшілігі, Король Фейсал атындағы Исламды зерттеу орталығымен бірлесе «Әбу Наср әл-Фарабидің адамзат өркениетінің дамуына қосқан үлесі» тақырыбында халықаралық конференция өткізді. Конференция Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қолдауымен өркениеттердің ұлы философы Әбу Насыр Әл-Фарабидің құрметіне жоспарланған ауқымды мерейтойлық ғылыми-практикалық іс-шаралар аясында ұйымдастырылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде онлай режимде «Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» атты I Халықаралық ғылыми-экологиялық форум өтті. Бұл форумда қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі проблемаларды талқылау және шешу жолдарын қарастыру және тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеу мәселелері қарастырылды.

Экономика және бизнес жоғары мектебі "Бизнес технологиялар" кафедрасы «Маркетинг» мамандығы бойынша «Маркетингтегі цифрлық технологиялар» тақырыбында V Халықаралық студенттік сырттай олимпиада өткізді.

Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес технологиялар» кафедрасы «Smart Marketing and Logistics» орталығының ашылғандығы туралы хабарлайды.